ТҮРКІСТАНҒА 1451,5 ТУРИСТ КЕЛГЕН

310 көрілім

Түркістан қаласына келушілер саны жыл сайын артуда. Облыс орталығының туризм саласында жүйелі жобалар жүзеге асырылып келеді.

Тарихи-мәдени мұраны сақтау мақсатында шаһардағы Күлтөбе қалашығының тарихи нысандары қайта жөндеуден өткізілуде. «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің аумағына абаттандыру жүргізіліп, «Қожа Ахмет Яссауи», «Жұма мешіті», «Есім Хан» және «Рабия Сұлтан Бегім» кесенелері мен қақпалары қайта қалпына келтірілді.

Соңғы көрсеткіштерге сәйкес, шаһарға 2022 жылы 1451,5 мың келуші және турист келген.

2022 жылы орналастыру орындары 59 бірлікті құрап, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (45 бірлік) 31,1%-ға ұлғайды. Номерлер саны 2022 жылы ІІІ тоқсан бойынша 1227 бірлікті құрап, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (951 бірлік) 42,8%-ға артты, төсек-орын саны 2022 жылы ІІІ тоқсан бойынша 2 607 бірлікті құрап, алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (1944 бірлік) 34,1%-ге артқан.

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы