ҒАППАР СӘРСЕНБАЕВ – ТӨРАҒА

410 көрілім

Ұлы дала елі орталығында «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының ХLIX (49) конференциясы өтті. 

Аталған  жиынға саяси ұйымның облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Таңғатаров және саяси кеңес мүшелері, партия ардагерлері, мәслихат депутаттары, БПҰ төрағалары мен жастар қатысты. Конференцияға қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы модераторлық етті. Күн тәртібінде қаралған 3 мәселе бойынша баяндамалар тыңдалды.

Сонымен қатар, Алтынсары Дүйсенбекұлы «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағалығына Ғаппар Амантайұлының кандидатурасын ұсынды. Жиын қатысушыларының ашық дауыс беруінің нәтижесінде жаңа төраға ретінде Ғ.Сәрсенбаев сайланды. 

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан қаласының тумасы Сәрсенбаев Ғаппар Амантайұлы еңбек жолын 1998 жылы Түркістан «Жолаушы» АҚ Президентінің көмекшісі ретінде бастаған. Әр жылдары Түркістан қалалық автовокзал директорының орынбасары, «Әзірет Сұлтан» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің қараушы, қорықшы, инспекторы, Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы болып қызмет еткен. 2022 жылдың мамыр айынан бастап осы күнге дейін «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының атқарушы хатшысы лауазымын атқарып келді.

Дәурен ТІЛЕУХАН.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы