ТҮРКІСТАН: ҚАЛА МӘДЕНИЕТІ ҚАҚПАДАН БАСТАЛАДЫ

553 көрілім

Арктикалық суықтың келуі салдарынан Қазақстанның солтүстік өңірлеріндегі мектептер қашықтан оқытуға көшіп, бірқатар мекемелер жартылай жұмыс режиміне ауыстырылуда. Алайда, Түркістанда оқыс оқиға орын алды. Қазақстан темір жолының Түркістан теміржол вокзалының маңын тазалаушылар түнгі ауысымда жұмыс жасауға ынта білдіріп, басшылыққа шықты.

Осыдан бірнеше жыл бұрын ғана Түркістан қаласы әкімдігінің қарауына өткен вокзалдың маңын «Түркістан жарық тазалық» ЖШС кәсіпорнына тіркелген тазалықшылар атқарады.

Түркістан теміржол вокзалының бастығы Қанат Сейдуалиевтің айтуынша, күндіз бес алты пар жылжымалы құрам өтсе, түнгі мезгілде жиырмадан астам жылжымалы құрам өтеді екен. Сондықтан түнгі мезгілде жиналып қалған қалдықтар мен қоқыстарды тазалау оңайға түспейді. Уақытында тазаланбаған қоқысты ит, құс аралап, айналаға санитарлық қиындықтар әкеледі. Оны қатып қалғаннан кейін тазалаудың өзі оңай емес.

Осыған байланысты «Түркістан жарық тазалық» ЖШС тазалықшылары түнгі ауысымда жұмыс жасамаса болмайтындығын айтып, екі тарапқа да шықты. Бір апта бойына тазаланбаған жағдай олардың ашу ызасын туғызды. Тазалықшылардың ойы, мақсатына құлақ түрген сала басшылары тазалықшыларға ыңғайлы ауысымдардың кестесін бекітіп берді.

Осының нәтижесінде, тиісінше түнгі уақытта Түркістан теміржол вокзалына аялдаған жолаушылардың қалдықтары мен қоқыстарын дер кезінде жинауға мүмкіндік алды. «Түркістан» газеті мен «Аймақ» ақпарат агенттігі тілшілерінің араласуымен екі тарап тазалықшыларға барынша қолайлы жағдай жасайтын болып шешілді.

Шын мәнінде қала мәдениеті қақпадан басталады десек тазалықшылардың өздерінің миссиясына адалдығы мен қала қонақтарының алдында ұялмайтындай жасауға ынта-жігері бізді қуантты. Әрбір қала тұрғыны түркі дүниесінің рухани астанасына осындай қамқорлық һәм сүйіспеншілікпен қараса, киелі шаһардың лайықты тұрғыны атанарымыз сөзсіз.

Ержан СМАҒҰЛОВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы