АУДАН ӘКІМІ АУА-РАЙЫНЫҢ ӨЗГЕРУІНЕН ТУЫНДАҒАН ҚОЛАЙСЫЗДЫҚТАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДІ ТАПСЫРДЫ

189 көрілім

Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев ауа-райының қолайсыздығы салдарынан орын алған жағдайға байланысты аудан бойынша барлық жауапты мекеме басшыларымен жиналыс өткізді. Аудан әкімі тиісті мекеме және бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Ауа-райының күрт құбылып, бұрқасын дауыл мен қатты қардың салдарынан Сауран ауданындағы бірнеше елді мекендері ішінара жарықсыз, жолсыз қалған еді.

– Тұрғындарға жарық пен жолдардың жабылуы кедергі болған ауылдарға күш салынып, бөлім мамандары мен ауылдық округ әкімдері ауыл-аймақты аралап, жұмыстарды жандандырыңыздар. Жұмыс күші жеткілікті болуын, қажет болған жағдайда ауылдарға қосымша техника мен мамандарды жіберу керек. Тез арада жұмысқа кірісіңіздер, – деді аудан әкімі Ғалымжан Қарабайұлы.

Табиғат құбылысынан туындаған жағдайларды аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев өз бақылауына алатынын жеткізді. Аудан басшысының тапсырмасымен ауылдық округ әкімдері мен тиісті мамандар қалпына келтіру жұмыстарын атқаруда.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында тиісті мекемелер күшейтілген режим тәртібімен істеуде.

«Сауран-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы