МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ТИІСТІ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ

311 көрілім

Сауран ауданында жетінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма жетінші сессиясы болып өтті. Сессияны Сауран аудандық мәслихатының хатшысы Мейрамбек Күнпейісов ашып, жүргізіп отырды. Сессияға аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Сессияның күн тәртібінде Сауран ауданы елді мекендерінің шекараларын белгілеу, Сауран аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №84 «2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері және шешіміне өзгерістер енгізу, 2023-2025 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері, Сауран аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 маусымдағы №17 «Сауран аудандық аумақтық сайлау комиссиясын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, Сауран аудандық мәслихатының 2022 жылғы 13 мамырдағы №110 «Сауран ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды. Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті шешім қабылданды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы