БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ЕСЕПТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

324 көрілім

Сауран ауданында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасында көрсетілген мәселелер бойынша бөлім басшыларының есептері тыңдалды.

Жиынды аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев ашып, жүргізіп отырды. Жиынға аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Мәжілісте Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы Е.Жүнісов аудан көлемінде сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі туралы ойын ортаға салды. Бұдан бөлек, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы А.Мәткәрімұлы сыбайлас жемқорлық бағытында кеңестің атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады.

Сонымен қатар, аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Н.Қарабаев, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы А.Батырбекова, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімінің басшысы С.Рысбеков күн тәртібіндегі мәселе бойынша атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталды.

Сонымен қатар, жиынға қатысушылар тарапынан елімізде орын алып отырған сыбайлас жемқорлық дертінің белең алып жатқанын айта келе, алдын алу бағытында жұмыстар жүргізуге шақырды.

Жиын соңында аудан әкімі Ғалымжан Қарабайұлы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – бүгінгі таңда мемлекеттік саясаттың басты бағыты екенін, бұл салада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының салдарын жою, оның алдын алу керектігін айтып, жиналысты қорытындылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы