АУДАН ӘКІМІ ҚАРИЯЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

361 көрілім

Аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев қариялармен кездесіп, өзінің алдағы уақытта атқарар жұмыс жоспарларымен бөлісіп, олардың ұсыныс пікірлерін тыңдады. Аудан әкімі кездесу барысында қарияларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

«Баршаңызды 2023 Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жылға мол сеніммен, нық қадаммен аттанғанды қалаймыз. Мемлекет басшысының пәрменімен былтыр жаңа Сауран ауданы құрылды. Тарихи топырақта бой көтерген Сауран ауданының құрылғанына да екі жылға жуық уақыт болды. Осы уақытқа дейін ауданның атқарған жұмыстары көңіл қуантарлық. Динамикалық өсу бағамы, қарқынды жұмыстар көрініп келеді. Мәселен, ауданның экономикалық дамуын анықтайтын басты салалардың бірі ауылшаруашылық саласы қарқынды дамып келеді. Келер жылы да бұл жұмыстар өз деңгейінде атқарылатын болады», – деді аудан әкімі Ғалымжан Қарабайұлы.

Бұдан соң жақында Тайландтың Бангкок қаласында өткен Азия біріншілігінде топ жарған ауданның жас спортшысы Назерке Бектемірді мерейлі жеңісімен құттықтады. Сонымен бірге, желтоқсан оқиғасының қатысушысы Тамара Әдуапқызын «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады.

Жиын соңында қариялар тарапынан аудан әкіміне қызметіне сәттілік тілеп, ауданды көркейту, дамыту жөнінде көптеген мәселелер мен ұсыныстар айтылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы