ТҮРКІСТАН: ЖАҢА МЕКТЕПТЕ ӨТКЕН ЖАРЫС

682 көрілім

Жуырда «Мектеп Жана Икан» негізгі білім беру мекемесінде дзюдо күресінен жасөспірімдер және қыздар арасында Жаңа Иқан ауылдық округі әкімінің кубогі үшін жарыс болып өтті. Жастарды жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту мақсатында өткен додада Түркістан облысының аумағынан келген 150-ден астам жас балуандар өз бағын сынап көрді.

Түркістан, Кентау қалалары, Отырар, Сауран аудандарының жас балуандары осындай жарыстарда бас қосып жүріп, бір-бірін танып қалғандығы көрініп тұр. Спорттың мақсаты да осы емес пе? Яғни, достық қарым-қатынасты нығайту.

Осы жарысқа қатысушы жастар аянып қалған жоқ. Өз жанкүйерлері алдында намысын қамшылай түскені байқалып-ақ тұр. Атап айтар болсақ, «Мектеп Жана Иканның» 5-сынып оқушылары Сардар Бахадиров пен Атхам Бахрамовтар жеңіс тұғырының ІІІ сатысына көтерілген болса, Ұлықбек атындағы жалпы орта мектебінің 2-сынып оқушысы Умар Абдувалиев пен 7-сынып оқушысы Шахзат Абдулакимовтар ІІІ орынға, 7-сынып оқушысы Эдуард Абдувалиев ІІ орынға ие болды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубок, медаль және алғыс хаттармен марапатталды.

Жарыстың марапаттау рәсіміне Жаңа Иқан ауылдық округінің әкімі Тахир Абдаев, мектеп директоры Дилноза Моминовалар қатысып, жас балуандарды жарысқа дайындаған бапкер Ромаш Исмаиловқа және жарысқа демеушілік жасаған Мавляновтар әулетіне алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы