ЖАС ӨНЕРПАЗДАР ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

607 көрілім

Жуырда Алматы қаласында «FEST АЛТЫН КҮЗ» республикалық жас өнерпаздар арасындағы шығармашылық көрме-фестиваль болып өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен жас өнерпаздар қатысып, өз бағын сынап көрді. Аталған фестивальге Жаңа Иқан ауылындағы мектептен оқушылар мен ұстаздар «Көркем сурет» жанры бойынша белсене қатысты.

Атап айтар болсақ, «Мектеп Жана Икан» ЖШС негізгі білім беру мекемесінің көркем еңбек пәні мұғалімі Эшметова Роза Шухратқызы (жетекшісі: Моминова Дилноза Рустамалиевна) жүлделі ІІІ орынға ие болса, оның шәкірті, 5 «В» сынып оқушысы Қошқаров Шодиер Нурханұлы ІІ орынға ие болып, диплом, кубок және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ, аталған көрме-фестивальге атсалысып, білімі мен өнегесін өскелең ұрпақтың бойына сіңіріп, рухани биік әрі өнерлі шәкірттер тәрбиелегені үшін үздік жетекші-ұстаз Д.Моминова мен Р.Эшметоваларға Алғыс хаттар табысталды.

Жүлдегерлер мектеп ұжымы тарапынан жылы қарсы алынды. Мектеп директоры Д.Моминова үлкен жеңістерімен құттықтап, мектеп атынан сыйлықтар тапсырды.

Өз кезегінде Р.Эшметова фестивальге барып қатысып келуін қамтамасыз еткен, демеушілік жасаған мектеп әкімшілігіне рахмет айтып, болашақта да мектебіміз атын шығара беруге қызмет ете беретіндігін жеткізді.

Республика деңгейіндегі додаларда жоғарыдан көріну екінің біріне бұйыра бермейтінін ескеретін болсақ, оның астарында көптеген еңбек жатыр. Аянбай еткен еңбегінің жемісін көріп отырған ұстаздар мен шәкіртіне алдағы уақытта да жоғары-дан көріне беріңдер демекпіз.

Акажон ИЗЗАТУЛЛАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы