АХАТ (ЗАГС) САЛАСЫ КӨРСЕТЕТІН СЕГІЗ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ

703 көрілім

Сауран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің азаматтық хал актілерін тіркеу секторы төмендегідей 8 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:

– азаматтық хал актілері жазбаларын жою;

– қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру;

– азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;

– қайтыс болуды тіркеу;

– атын,әкесінің атын,тегін ауыстыруды тіркеу;

– неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу;

– некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу;

– бала тууды тіркеу:

АХАТ саласы, Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы және Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексімен жұмыс жүргізеді.

Жоғарыда аталған мемлекеттік қызмет түрлері бойынша жергілікті ауыл тұрғындары «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ (ХҚКО) немесе аудан орталығына келместен өтінішін E-GOV мобильді қосымшасы арқылы электронды тапсыруға мүмкіндік бар. Электронды өтініш тапсыру барысында туындаған сұрақтар болған жағдайда жергілікті ауыл әкімдіктеріндегі мамандарға жүгініп, мемлекеттік қызмет көрсету бұрышы арқылы өтінішті қайта тапсыруға болады.

Қазіргі уақытта көп қолданыла-тын қызмет түрі баланың тууын мемлекеттік тіркеу болып табылады, балаңыз дүниеге келгеннен кейін сіздің барлық құжаттарды рәсімдегіңіз келеді, бірақ балаға көп уақыт бөлу керек және ХҚКО бару қажеттілігі сізді қиын жағдайға қояды осы мезетте баланың туу туралы куәлігін алу үшін электронды өтініш төмендегідей тәсілмен жүзеге асырылады.

Бала туғаннан кейін бір тәулік ішінде ақпараттық жүйе медициналық мекемеден хабарлама алып, сізге қызмет көрсету үшін қажетті ақпараттың қадамдық сұрауымен құттықтау (1414 нөмірінен СМС) хабарламасын жібереді.

Мысал 1. Құттықтауы бар СМС келіп түскен кезде сізге қызметті алу тілін таңдау керек.

Мысалы СМС: Сәлеметсіз бе, <аты>! Нәрестелі болуыңызбен құттықтаймыз! Тууды тіркеу қызметі бойынша тілді таңдаңыз: 1 – ҚАЗАҚ тілін таңдау, 2 – выбор РУССКОГО языка

Жауап үлгісі 1

2. Белгілі бір уақыттан кейін сізге баланың тегін, атын және әкесінің атын (бар болса) сұраумен мынадай СМС-хабарлама келіп түседі.

Мысалы СМС: Туу туралы куә-лікті алу үшін баланың аты-жөнін жазыңыз (қажет болған жағдайда қазақ әліпбиінің ерекше әріптерін ескеру қажет). Жіберетін СМС үлгісі: «Аты-жөні,  Әкесінің аты»

Жауап үлгісі < Аты-Жөні, Әкесінің аты >

3. Аты-жөні жіберілгеннен кейін сізге тіркеуші орган туралы мәліметтерді ұсыну бойынша СМС-сауалдар келіп түседі.

Мысалы СМС: Баланы тіркеу үшін АХАТ бөлімін растаңыз. Мүмкін бөлімдер: Сауран аудандық АХАЖ бөлімі – 1; Нұр-Сұлтан қ. АХАЖ бөлімі – 2 және т.б.. СМС-ті бөлім нөмірі мәтінмен жіберіңіз.

Жауап үлгісі 1

4. Осыдан кейін тіркеуге электрондық өтінім қалыптастырылады, ол таңдалған тіркеуші органға жіберіледі. Бұл туралы баланың тууын тіркеу жөніндегі өтінімнің мәртебесі бойынша қосымша ақпараттық хабарламамен хабарланатын болады.

Мысалы СМС: Баланың тууын тіркеу. Өтінімнің мәртебесі: Қабылданды

Баланың тууын тіркеу. Өтінімнің мәртебесі: Өтініш тіркелді

Егер сіз қандай да бір тармақ бойынша жауап бермесеңіз немесе ол дұрыс емес болса, онда жүйе одан әрі қызметті алу үшін ХҚКО-ға бару қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы