- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Түркістанда тұрғындардарының құқықтық сауаты – қала халқының жайлы да жарқын өмірінің кепілі. Шаһардағы әр азаматтың өз құқығын толық білуі – уақыт талабы. ҚР Конституциясында «Қазақстан Республикасы құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөздерді кіргізген.
Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір түркістандықтың өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны абзал.
Құқық бұзушылық – Қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Құқық бұзушылық: азаматтық (жеке басқа, азаматтың немесе заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіру, азаматтың абыройы мен қадір-қасиетін қаралайтын мәліметтерді тарқату және т.б.),әкімшілік (ұсақ бұзақылық жол ережесі тәртібін бұзу), тәртіптік (жұмыстан кешігу, жұмысқа бармау және т.б.) теріс қылық және т.т. Құқық бұзушылықтың барынша қауіпті түрі қылмыс болып табылады. Құқық бұзушылықтар үшін заңмен тиісінше әкімшілік, азаматтық құқықтық, тәртіптік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Азаматтың міндеті — заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз – өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі — қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды. Осыған байланысты бүгін мен ҚР 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 Баланың құқықтары туралы заңына тоқталып өтсек:
Бұл заң 10 тарау 53 баптан тұрады Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.
Әрбiр азамат Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.
Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосқан, тарихта өшпес аттарын қалдырған шет ел ойшылдары. Т. Гообс, Ж. Ж. Руссо, И. Кант, Т. Джефферсон, т. б. олар адам құқықтарының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап белгілеп берген. Өз халқымыздың ұлттық құқықтық жүйесінің қалыптасуы xv ғасырдың орта шенінде Қазақ мемлекетінің іргетасын қалаушылардың бірі болған Жәнібектің баласы Қасым хан есімімен байланысты. Бұл жүйе осы өлкеде ғасырлар бойы келе жатқан құқықтық әдеп – ғұрыптармен, жүйелерді ала отырып, дербес өмір сүріп отырған Қазақ мемлекетінің жағдайына бейімделіп жасалды. Халық оны « Қасым ханның қасқа жолы» деп атады. Қасым ханнан кейін қазақ қоғамының құқықтық жүйесін дамытуға айтарлықтай үлес қосқан Есім ханға халық «Есім ханның ескі жолы» деген ат берді. Сонымен қатар Тәуке хан «Жеті жарғы» деп аталған, өзіндік бір кодекс пішініндегі құқықтық нормалардың тұжырымдарын жасады.
1991 жылы 10 желтоқсан күні республика атауын өзгерту туралы заң қабылданды. Бұдан былай Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы Қазақстан Республикасы деп аталатын болды.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды. 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады. Қ.Р-ның Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Конституциямыздың 1 – бабында адам құқықтарын сақтау нормасы бекітіліп, 30 – бап түгел – дей азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына, мүдделеріне арналды. Бұл демократиялық ашық қоғамда өмірдегі барлық құндылықтардың ішінде адам құқықтары мен бостандықтары ғана ең маңызды болып саналатындығын білдіреді. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу — қоғамымыздың басты міндеті. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Оның төмендеуіне бірден бір себеп, білім ошақтарында жүйелі түрде ұйымдастырылып өткізілген жиналыстар мен тәрбиелік сабақтардың мәні бар лекциялардың үлесі екендігі белгілі.
Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретіні анық. Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. Оқушылар демалысқа шығып, колледж сабағы мен үй тапсырмасынан қолдары босағанда, жоғарыда айтылған ережелерді барлығы бірдей сақтай бермейді. Сондықтан жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыстар мен құқықбұзушылықтар жаз мезгілінде көп тіркеледі екен.
Жалпы құқық тәртібін бұзуға бейім балалар, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасап ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққан. Ал, енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс бос уақыттарында немен шұғылданып жүргендерін қадағаламауынан орын алады. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, әр-бір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді. Сонымен қатар, әр азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның ең басты мақсаттарының бірі — қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайтынын түсініңіздер.