АҚСҮМБЕ МЕН АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ АРАСЫН ЖАЛҒАҒАН САПАР

3  838 көрілім

Бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Ақсүмбе мен Ақсу-Жабағылы арасы» автосапары жолға шыққан болатын. Ұлт ардақтыларының есімдерін ұлықтауды көздеген сапардың бекітілген кестесіне сай теріскейдегі Ақсүмбе ауылына табан тіреген облыстың зиялы қауымы мен БАҚ өкілдері және жастары Сұлтанбек Қожановтың 125 жылдығына арналған «Ұлтын ұлықтаған қайраткер» атты салтанатты шараның куәсі болды.
Түркістан облысы, Созақ ауданына қарасты елді мекенде елін сүйген ердің өміршең есімі айтулы күнде ескерусіз қалмады. Қонақтар алдымен қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, публицист С.Қожановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағылымды шара концерттік бағдарламаға ұласты. Арнайы ас беріліп, Алаштың ардақты азаматының әруағына Құран бағышталды.
Автосапар мүшелерінің құрамында біздің тілшіміз де сапарлаған-тын. Ендеше тілшіміз Нұртас Кеңесбековтің фоторепортажына назар салыңыздар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы