- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Жалпы барша қазақстандықтар сияқты Түркістан қаласы тұрғындары да Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауынан алдағы күндердің жарқын болуына сеп беретін жаңалықтар күтері анық. Қоғамдағы тыныштық, ынтымақ, бірлік сияқты ұғымдарды үштастырып, осы бағытта тыңғылықты жұмыстар атқару бойынша құқық қорғау органдары қызметкерлеріне жүктелетін міндеттерді саралап отыратыны анық. Атап айтсақ, «Азаматтар мүддесіне қызмет ететін мемлекеттің жаңа стандарттарын әзірлеу үшін көп жұмыс атқаруымыз керек. Осы тұрғыда құқық қорғау және сот жүйелеріне негізгі рөл жүктеледі. Бұл салаға реформа аса қажет. Елдегі қазіргі жағдай құқық қорғау органдарына деген жаңа талаптарды қажет етеді. Олар азаматтардың сұранысына құлақ асуы қажет. Алайда, құқық қорғау органдарындағы жұмыстың басым бағыты бұрынғыдай айыптауға бейімделген. Азаматтар айыптаулар мен қуғындауға түсіп жатады. Жедел іздестіру қызметтері, қылмысты анықтаушылар мен қылмысты қабылдап алатын тергеушілер бір басшының қол астында қызмет етеді. Олардың басты мақсаты – қылмысты анықтап, тергеп, оны сотқа жіберу. Дегенмен, азаматтардың құқығы мен еркіндігі шектелмеу керек. Прокуратура қызметі кешігуде. Олар іс сотқа жіберілген кезде ғана танысады», – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы азаматтардың құқығы тапталып жататынын айта келе құқық қорғау саласын реформалау қажеттігін атап өткен еді.
Сот және құқық қорғау органдарындағы реформалардың тиімділігін, сол тиімділіктің төмен болу себептерін зерттей отырып, реформаларды әзірлеуге жауапты жаңадан құрылған органдарға тоқталғым келеді. Мәселен құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының құрамына келейік. Бұқаралық ақпарат құралдарында, нақтырақ айтсақ, Turan Press ақпараттық агенттігінде бұл жұмыс тобына ғалымдар, сарапшылар, кәсіпкерлер құқықтары мен адам құқықтары жөніндегі уәкілдер, үлкен тәжірибесі бар танымал ардагерлер, атап айтқанда, құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жетекші заңгерлер, адвокаттар және азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, кешенді жұмыс жүргізілгені туралы айтылды. Тіпті, қылмыстық процестің үш буынды моделін енгізудің ең жоғары жетістігі ретінде қылмыстық қудалау шеңберіне тартылмаған екі мыңнан астам адамның құқығы қорғалғаны жөнінде де жарияланды. Алайда, бұл сандардың нақты қайдан алынғаны анық емес. Сондай-ақ біз жұмыс тобының сарапшылық құрамын толықтыра түсу керек деп санаймыз. Өйткені оның құрамында беделді ардагер-практиктер жоқ.
Құқық қорғау және сот жүйесін реформалау мәселелерін терең пысықтау үшін жұмыс тобына енген әр адамның қажетті әрі жеткілікті тәжірибесі мен құзыреттілік деңгейі болуы керек. Әсіресе, көп жылдық жұмыс өтілі бар ардагерді көбірек тарту қажет.
Мемлекеттік аппаратта жұмыс істеп тұрған институттар бар. Олар өз бейіні бойынша құқық қорғау, сот жүйесін реформалау жөніндегі міндеттерді шеше алады. Мысалы, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімі, құқықтық саясат жөніндегі кеңес. Осы институттардың кадрлық құрамын бейінді мамандармен күшейтіп, іс жүзінде нақты пайдалансақ та болады. Бұл өміршеңдігі мен тиімділігін дәлелдей алмаған түрлі органдардан әлдеқайда тиімдірек болар еді. Сондықтан біз «бас тарта отырып, ұсыныс жаса» деген қағидатты басшылыққа алып, судьялардың, прокуратура және басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отставкадағы әлеуетін пайдалану қажет деп санаймыз.