Тұрғындар арасындағы құқық бұзушылық мәселелері

581 көрілім

Құқықтық мемлекетті қалыптастыру халықтың құқықтық мәдениетін дамыту процесімен тығыз байланысты. Құқықтық мәдениетті арттыру, халықтың құқықтық санасын дамыту мақсатында және қылмыс пен құқықбұзушылыққа қарсы күресуі бағытында Түркістан қаласында тұрғындар мен полицейлер арасында кездесулер жиі орын алуда.

Бүгінгі таңда қала тұрғындары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау  маңызды мәселелердің бірі екендігін тәртіп сақшылары ескертуде. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу барысында көптеген шаралар жүріп жатыр. Оқу жылы барысынан бері Түркістан қаласындағы ұжымға және мектеп оқушыларына құқықтық білім беру мақсатында мектепте жалпыға бірдей құқықтық оқыту жүргізіліп жатыр. Соған орай құқықтық оқыту барысында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер (заңдар) бойынша сабақтар, дөңгелек үстел және пікір талас өткізілуде. Жалпы, мұндағы мақсат жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және оқушылардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру.

Түркістан қаласының полиция басқармасының тағы құқық бұзушылықты анықтау барысында жергілікті тұрғыннан хабар алған. Жәбірленуші әйелдің  мәлімдеуінше, оны жақын таныс емес азаматша алдап кеткен. Яғни күдікті әйел «кәсіпкерлік үшін мемлекет тарапынан қайтарымсыз 5 миллион теңге алып беремін» деп сендірген. Осы қызметі үшін жәбірленушіден 200 мың теңге ақша алған. Алайда, арадан жарты  жыл уақыт өтсе де, сенген адамы не жәрдемақы алып бермеген, не алған ақшасын қайтармаған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан күдіктіні ұстау үшін тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшыларының жедел әрекет етуі мен қырағылығының нәтижесінде, күдікті орта жастағы әйел  тұрғылықты мекенжайынан анықталды. Ол жұмыссыз жүрген   жергілікті тұрғын болып шықты. Белгілі болғандай, орта жастағы әйел оңай жолмен ақша табу мақсатында, мемлекеттен қайтарымсыз несие әперемін деп, бірнеше тұрғынды алдап үлгерген. Сезіктінің жалпы 7 жайт алаяқтық қылмысына қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгеге жуық ақшаны құрады. Ол қаражатты өзінің қажеттілігі үшін жұмсап жіберген. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өз кезегінде түркістандық полиция қызметкерлері алаяқтық тәуекелдеріне барудың соңы қатаң жазада қаралатынын ескертеді. Сондай-ақ, тұрғындарды өзгелердің арбауына түспей, мұқият болуға шақырады. Егер де осындай жағдайларға тап болсаңыз немесе күәгері болсаңыз полицияның «102» байланыс телефон нөміріне қоңырау шалып, хабарласаңыз болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы