Көлік жүргізген мас жүргізуші қамауға алынды

308 көрілім

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері «Қауіпсіз түнгі қала» іс шарасын жүргізу барысында кешкі уақытта жүрісі күдік тудырған «Ваз-21099» маркалы автокөліктің жүргізушісін тоқтатты. Көлік жүргізушісімен тілдесу кезінде сақшылар оның мас болуы мүмкін екеніне күмәнданып, сараптамадан өткізді. Сараптама қорытындысы жүргізуші ер азаматтың алкогольді масаң күйде екендігін анықтады.
Сақшылар одан әрі қарай анықтау кезінде ер азаматтың бұған дейін соттың үкімімен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғанын білді. Яғни жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылса да, одан қорытынды шығармаған. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, іс-шара мақсаты ‒ жол-көлік оқиғаларының алдын алып, жол қозғалысы ережелерінің апаттылық деңгейіне тікелей әсер ететін заңбұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету. Көлік құралын алкогольді немесе есірткілік масаң күйде басқару заңға қайшы, қоғамға қауіп төңдіретін әрекет. Мас жүргізуші тек қана өзінің өмірін ғана емес сонымен қатар айналадағы адамдар үшін де төтенше жағдайдың көзі. Мас азаматтардың көлік жүргізу проблемасы тек біздің елімізде ғана емес, сонымен бірге әлемнің басқа елдерінде де жол қозғалысы қауіпсіздігінің ең өткір проблемаларының бірі болып табылады. Өйткені, мас жүргізушілердің қатысуымен болған ЖКО, өкінішке орай, адамдардың жарақаттануы мен өліміне әкеп соқтырады. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілерін, соның ішінде мас күйінде көлік құралын басқару фактілерін анықтау мақсатында полиция қызметкерлері тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар өткізеді.

Алкоголь ағзаның көлік құралдары мен жұмыс істей алуы үшін маңызды функцияларына айтарлықтай әсер етеді. Алкоголь – бұл депрессант, ол негізінен мидың жұмысына әсер етеді. Алкоголь алдымен мидың өмірлік маңызды компоненттеріне әсер етеді және «ми қыртысы интеграциялау және бақылау функцияларынан босатылған кезде, пайымдау мен мінез-құлыққа байланысты процестер реттелмеген түрде жүреді және мінез-құлық міндеттерінің дұрыс жұмысы бұзылады». Жалпы алғанда, алкоголь күнделікті міндеттерді орындау үшін қажетті әртүрлі дағдыларды әлсіретеді. Алкогольдің негізгі әсерінің бірі – адамның зейінді бір нәрседен екіншісіне ауыстыру қабілетін қатты бұзады, «сенсорлық қозғалтқыш функцияларын айтарлықтай бұзбай».Бұл мас күйіндегі адамдардың сезімдерге әсер етпестен зейіндерін дұрыс ауыстыра алмайтындығын көрсетеді. Мас адамдар, сонымен қатар, сергек адамдарға қарағанда әлдеқайда тар көріністі болады. Мидың көзден алатын ақпараты «егер тітіркендіргішті анықтау үшін көзді бүйірге бұру керек болса немесе көзді бір нүктеден екінші нүктеге тез ауыстыру керек болса, бұзылады». Жол жүру қағидаларын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту – амалсыз шара. Жолдағы жүгенсіздіктің кемудің орнына өсіп бара жатқанын статистикалық деректер де айғақтайды. Мәселенің маңыздылығын түсінген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдағы жағдай алаңдаушылық тудыратынын және мас күйде автокөлік жүргізгендер үшін жазаны қатаңдату қажеттілігін атап өткен еді. «Заңға өзгертулер енгізуді тапсырдым: алкогольді ішімдіктердің кез келген түрін ішкен күйінде көлік жүргізгені үшін, сондай-ақ мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет» деген еді Президент. Осы ескертуден кейін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң күшіне енген болатын. Заман ілгерілеп, қоғам дамыған, азаматтардың құқықтық сауаты өскен бүгінгідей уақытта тұрғындардың жол апатынан қаза табуы жақсылықтың нышаны емес. Осы жағдайдың алдын алу үшін мемлекет тарапынан қолға алынған шаралар баршылық. Азаматтардың сана-сезімін оятып, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру мақсатында көрнекі жерлерге ескерту, сақтандыру хабарламалары ілініп келеді. Сонымен бірге, пәрменді шара ретінде мас күйінде рөлге отырғандарға қатысты қолданылатын жаза да қатайтылды. Алайда, заңнамадағы жаза қатаңдатылғанмен, құқық бұзушылықтың алдын алу үшін қолға алынған жұмыстардан толық нәтиже шықты дей алмаймыз. Бұлай кесіп айтуымыздың себебі жоқ емес. Мәселен, бірінші рет көлікті алкогольдік, есірткілік, психотроптық масаң күйде тізгіндегендер, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабына сәйкес, он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынып және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады. Бұл мерзім – құқық бұзушының ойлануына, қателігінен сабақ алуына жеткілікті уақыт. Өкінішке орай, 15 тәулікке қамалып, жүргізуші куәлігінен айырылғаны аздай, құқықбұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасайтындар да кемімей келеді. Қылмыстық кодекстің 346-бабы толықтай өзгертілді. Соған сәйкес, егер көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде тағы рөлге отырғаны анықталған адамға белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 1200 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалатыны көрсетілген. Заңдағы осы жаңашылдықты көпшіліктің қаперіне салып, қателіктен сақтандыру – парызымыз. Жүргізуші куәлігінен айырылған адам бір жылдың ішінде қайта рульге отырса, 20 тәулікке қамалып, 8 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады. Ал, мас күйінде ұсталса, 5 жылға дейін бас бостандығы шектеліп, жүргізуші куәлігінен мәңгіге айырылуы мүмкін. Жол апатына түскен жағдайда 8 жылға сотталады. Оқиға салдарынан кісі өлімі тіркелсе, бас бостандығынан айыру мерзімі 10 жылға дейін ұзарады.

Полицейские г. Туркестан выявили нетрезвого водителя

Вечером, в ходе проведения ОПМ “Безопасный ночной город” сотрудники Управления полиции города Туркестан остановили водителя автомобиля марки “Ваз-21099”, передвижение которого вызвало у них подозрение. При общении с водителем стражи порядка заподозрили у мужчины признаки опьянения и доставили его на медицинское освидетельствование. Согласно заключению выяснилось, что автолюбитель находился в состоянии алкогольного опьянения.
Также полицейские установили, что ранее решением суда по ч. 1 ст. 608 КоАП РК водитель был лишен права управления автотранспортом сроком на 3 года. Однако, несмотря на лишение водительских прав, мужчина так и не сделал для себя никаких выводов.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы