МАЙДАНГЕР ҚАРИЯМЕН МАҚТАНАМЫЗ!

565 көрілім

«AMANAT» партиясының «Ардагерлердіардақтайық» деп аталатын жобасы бар. Ұрпақтарсабақтастығы дәстүрін әдемі жалғап, аға буынныңерлігін, қайраткерлік рухын кейінгі толқынға үлгі-өнеге етіп қалдыруды мақсат тұтады.

Екінші дүниежүзілік соғыстың ауыртпалығын көзбенкөріп, бел ортасынан табылған майдангераталарымыздың қатары жыл санап селдіреп баражатыр. Арамызда аман жүрген жеңісжауынгерлерінің алды бүгінде жүз жылдық жасы барқазына қартқа айналған. Көргені көп, көңілге түйгенімол қарияларымызға құрмет көрсету – елдік міндетдеп деп білеміз.

Жеңістің 79-шы көктемін амандықпен қарсы алуТүркістан қаласы бойынша жалғыз майдангер – Немат Абдурасилов атамызға бұйырыпты. Биыл 102 жасқа аяқ басқан қазына қартымыз  «ҚызылЖұлдыз», І және ІІ дәрежелі «Даңқ», І дәрежелі «ҰлыОтан соғысы» ордендерінің кавалері, «Ерлігі үшін» және тағы да басқа қаһармандық пен қайсар рухтыазаматтарға тағайындалатын медальдарменнаградталған.

Бірінші Украина және бірінші Беларусьмайдандарындағы соғыс іс-қимылдарында табандышайқасып, фашистерге қарсы күресте ерлік көрсетебілген қарт майдангерді құттықтауға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалыныңтөрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағыпартиялық фракцияның жетекшісі АлтынсарыҮмбетәлиев арнайы барды. Үйіне келгенмеймандарды құшағын ашып қуана қарсы алғанқария елімізге амандық тілеп, әрбір шаңырақтың құт-берекелі ғұмыр кешуіне тілектестігін білдіріп, ақбатасын берді.

Бүгінгі және келешек ұрпақтардың бақытты өмірсүруі үшін кеудесін оққа тосқан аға буынның ерлігіешқашан ұмытылмайды. Алдыңғы толқынаталарымыз бен әжелеріміз бүгінгі бейбіт заманныңорнығуына талай бейнет шекті, тұрмысымыздыңтүзелуі үшін талай маңдай терін төкті. Партияластарымыздың атынан қарт майдангергемерекелік сый-сияпатты табыстаған Алтынсары Дүйсенбекұлы ақсақалға мол денсаулық тілеп, қазына жасқа жеткен қарияның тірегі болып әулетібатырлық дәстүрін үздіксіз жалғайды деген сенімінбілдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы