Шаһар басшысы Нұрбол Тұрашбеков Сауран, Яссы секторының тұрғындарымен кездесті. Сауран секторында басталған кездесуде жалпы жыл басынан бергі көтерілген 112 мәселе туралы баяндама жасалып, атқарылып жатқан жұмыстар жайы түсіндірілді. Атап айтсақ, осы күнге дейін 67 мәселе өз шешімін тапса, 9 мәселе бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ал 36 мәселе заң аясында түсіндірілген.

Қала әкімінің Яссы секторы тұрғындарымен кездесуінде де жыл басынан бері қол жеткізген нәтижелерге шолу жасалды. Толығырақ айтсақ, жыл басынан бері 3 кездесу өтіп, 93 мәселе көтерілген болатын. Оның 64-і орындалса, 25-і заңға сәйкес түсіндірілді. Қазіргі таңда 11 мәселе бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, кездесулер барысында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді.

Кездесу соңында Нұрбол Әбдісаттарұлы бұған дейін кезең-кезеңімен реттеліп келе жатқан жол, инфрақұрылым, қоғамдық көлік, абаттандыру, қоқыс секілді мәселелердің алдағы уақытта да оң шешімін тауып, қала тұрғындарына барынша қолайлы жағдай қалыптастыруға әрекет жасайтынын жеткізді.

Бұдан бөлек секторлар аумағында жүргізілетін бірнеше нысанның құрылыстары мен халықты сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесін назарда ұстайтынын айтып, жауапты мамандарға тапсырмалар жүктеді.
Дәурен ТІЛЕУХАН.