ТҮРКІСТАНДЫҚ САҚШЫЛАР БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

240 көрілім

 

Түркістан қалалық пробация қызметінің қызметкерлері 50-ге жуық балаға қуаныш сыйлады.

Шымкент қаласы және Түркістан облысы ҚАЖ департаментіне қарасты Түркістан қалалық пробация қызметінің қызметкерлері бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған 12 жағдайы төмен және көпбалалы отбасының елуге жуық балаларын Түркістан қаласындағы Караван сарай кешенінің арена ойын сауық орталығында өткен циркке алып барды.

Кішкентай балғындардың жүзіне күлкі сыйлау үшін акробаттар, сайқымазақтар, жонглерлер барын салды. Көңілдері алып-ұшқан балақайлар бір сәтке болса да сыйқыр-ғажайып әлеміне саяхат жасады.

«Біздің пробация қызметінің есебінде тұрған жағдайы төмен және көпбалалы отбасының елуге жуық балаларын ата-анасымен циркті тамашалауға алып келдік. Балалар жазғы демалысында бір сәт болса да әртүрлі таңғажайптарды көрсін. Қойылымды көрген балалардың жүзіндегі күлкісі, қуанышы өте керемет сәт болды мен үшін. Балалар цирктен шыға салып бір-біріне өздерінің қуанышты әсерлерін бөлісіп, әңгімелерін айтты. Әуеде қалықтай билеген билеріне қарап қызығып отырмыз. Таң-тамаша болғанымызды жасырмаймыз. Алайда, бұл өнерпаздарға тағы да шексіз алғысымды білдіріп, шығармашылақтарына табыс тілеймін!», – деді Түркістан қалалық пробация қызметінің инспекторы Дулат Мықтанбек.

Бұл күні көңілді цирктің ғажайып қойылымдары өңірдегі пробация қызметінің тіркеуінде тұрған жағдайы төмен және көпбалалы отбасыға арналды. Көңілдері алып ұшқан балақайлар цирктің кереметтеріне куә болды.

«Біздің балаларымызға қуаныш сыйлап, осындай керемет циркке алып келген Түркістан қалалық пробация қызметінің қызметкерлеріне алғысымды айтамын. Әрине, өзімнің қателік жасап заңды бұзғаныма өкінемін. Алдағы уақытта құқықбұзушылыққа жол бермеуге тырысамын. Балаларымның тәрбиелі, өнегелі болып өсуіне бар күшімді саламын. Менің жіберген қателігімді балаларым жібермесе екен деймін», – деді сотталған С. есімді азаматша.

«Біз үшін маңыздысы — олардың көңіл-күйінің көтеріңкі болуы. Балаларға жылдың әр күнінде қорған болуымыз керек. Жазғы демалыста олар ерекше мейірімді күтеді.

— Шынымды айтсам маған цирк қатты ұнады. Осындай таңғажайыпқа келуді көптен бері армандап жүр едім. Әсіресе, әуеде қалықтай билеген билеріне қарап қызығып отырдым. Таң-тамаша болғанымызды жасырмаймыз. Бір-бірімізге цирктен алған әсерімізді бөлісіп біте алмай жатырмыз. Алайда, бұл өнерпаздарға тағы да шексіз алғысымды білдіремін», -деді сотталған М. есімді азаматтың қызы Ақгүл.
Балаларға қай кезде қуаныш сыйласақ та аздық етпейді. Себебі, бала – біздің болашағымыз. Болашағымыздың мығым болуы үшін, атсалысу біздің парызымыз.

Р.НАРБЕК

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы