СОТ АКТІЛЕРІ ШҰБАЛАҢҚЫ ӘРІ ТҮСІНІКСІЗ

571 көрілім

Қазақстан Республикасының жоғарғы соты сот жүйесіне қойылатын 7 басты сын  туралы нақты атап өткен болатын. Соның ішінде сот актілері шұбалаңқы әрі түсініксіз ұғымына тоқтала кетсек.

Жұртшылықты біздегі қалыптан тыс жұмыс көлемі де, судьялық вакансиялар да, күндіз-түні жұмыс істеуіміз де қызықтырмайды.

Оларға сапалы сот актісі ғана керек.   

Бұрын шешім мәтіндері түсініксіз, көлемді, құрылымы қиын еді. Заң нормаларына түсініксіз сілтемелер көп болатын.  Тараптардың дәлелдеріне нақты логика мен дәлелді жауаптар болмайтын.

Білікті заңгерлер түгілі, кейде тіпті Жоғарғы Сот судьяларына да мұндай шешімдерді түсіну қиынға соғатын. Сондықтан 2019 жылы сот актілері бойынша нормативтік қаулылар қабылданды. Әркім өз сұрағына дәлелді жауап таба алуы үшін сот актілерінің тіліне, мазмұнына және құрылымына қойылатын нақты талаптар бекітілді.

Судьяларға кіріспе, сипаттау, уәждеме, қарар бөліктерін қалай жазу керектігін түсіндірдік.

Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер, соның ішінде мемлекеттік тілдегі сот актілерінің үлгілері бойынша 4 кітап шығардық. Судьялардың қабылдаған шешімдерін қарапайым әрі дәйекті түрде түсіндіруін талап ететін қағида енгіздік.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы