СОТТАРДАҒЫ СЕРВИСТІҢ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕН

413 көрілім

Қазақстан Республикасының жоғарғы соты сот жүйесіне қойылатын 7 басты сын  туралы нақты атап өткен болатын. Соның ішінде соттардағы сервистің деңгейі төмен ұғымына тоқтала кетсек.

Соттар – ең алдымен, судьяларға емес, процеске қатысатын адамдарға қажетті орын. Олар табалдырықтан аттаған бойда жайлылық пен жақсы сервисті сезінуі керек.

Соңғы уақытқа дейін облыстық соттардың үштен бірі сот төрелігінің заманауи талаптарына сай келмейтін ескі және тар кеңсежайларда жұмыс істеп келді. Сотқа келушілер үшін қолайсыздықтар көп болатын.

Біз бұл жұмысты жергілікті билікпен бірлесіп қолға алдық. 3 жыл ішінде 12 жаңа сот ғимараты пайдалануға берілді, оның 3-еуі облыстық, 9-ы аудандық соттар. Олардың барлығы тиісті стандарттарға сай келеді.

Алматы және Түркістан облыстық соттарының, Алматы және Павлодар қалалық соттарының 4 ғимаратын салу бойынша құрылыс жұмыстары жүруде.

Қызмет көрсету үшін соттардың 80%-да фронт-офистер ашылды. Олардың барлығы бірыңғай стильде – құжаттарды қабылдауға, өзіне-өзі қызмет көрсетуге, цифрлық кезекке арналған кең залдар.

Кіреберісте ресепшн мен көмекшілер бар. Олар азаматтарға құжаттарды толтыруға, талап арыздарды құрастыруға көмектеседі және кеңес береді. Медиаторлар мен адвокаттар үшін жеке кабинеттер, сондай-ақ іс материалдарымен танысуға арналған  кабинеттер бар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы