ҚАЗІРГІ СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СУДЬЯЛАР – БІЛІКСІЗ ҰҒЫМЫ

318 көрілім

Қазақстан Республикасының жоғарғы соты сот жүйесіне қойылатын 7 басты сын  туралы нақты атап өткен болатын. Соның ішінде қазіргі сот жүйесіндегі судьялар біліксіз ұғымына тоқтала кетсек.

Кез-келген реформаның нәтижесі кадрларға байланысты.

Судьялар корпусына жылдар бойы кездейсоқ адамдар өтіп отырған.

2018 жылға дейін жыл сайын 200 судья жұмысқа қабылданған. 2014 жылы – 700 үміткердің тіпті 500-і судья болған.   

Бізде 300-ден астам вакансия бола тұра, қазір Жоғары Сот Кеңесі жылына судьялыққа лайық 60-70 адамды әрең табады.

Осы уақытқа дейін не істелді?

1. Әлемнің үздік компанияларында қолданылатын жаңа HR-сүзгілер судья болғысы келетін біліксіз заңгерлердің жолын жапты. Судьяларды іріктеу конкурсының механизмі күшейді. Судья болғысы келетін және конкурсқа қатысатындардың саны артты. Егер бұрын конкурстық іріктеуден әрбір 4-ші үміткер өтсе, қазір – әрбір 11-ші үміткер өтуде. Осы себепті судьялық лауазымдардың 12% бос тұр.

2. Тәжірибелі судьялардың жұмыстан жаппай кетуі тоқтады. Ең алдымен, бұған судьялардың басы артық жұмыстан босатылуы әсер етті. 2017 жылы өз еркімен жұмыстан  кетудің жоғары көрсеткіші тіркелген еді.

3. 2019 жылдан бастап судьялық корпустың өзін-өзі тазартуына бағытталған жаңа механизм іске қосылды. Нақты істер бойынша заңды өрескел бұзған және кәсіби жарамсыз 200-ге жуық судья жұмысынан босатылды немесе лауазымынан төмендетілді. Бұл жұмыс істеп жүрген судьялардың 9%. Бұған дейінгі 10 жылдық көрсеткішке қарағанда үш есе көп.

4. Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия жұмыс істеуде. Ол жыл соңына дейін 500-ге жуық судьяның кәсіби қызметіне баға береді. Егер 2019 жылға дейін Комиссия тексерісінен 1%-ға жуық адам өте алмаса, қазір судьялардың 7% кәсіби жарамдылық сынағынан «сүрінуде».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы