Қазақстан Республикасының жоғарғы соты сот жүйесіне қойылатын 7 басты сын туралы нақты атап өткен болатын. Соның ішінде соттар әрдайым мемлекеттік органдарды жақтайды ұғымына тоқтала кетсек.
Өткен жылдары азаматтық істегі даулардың 85%-ы сот арқылы мемлекеттік органдардың пайдасына шешілетін.
Азаматтық-процестік кодекске сәйкес, тараптар тең.
Ал, мұндай дауларда адамдар мен бизнеске заңгерлер штаты мен қуатты әкімшілік ресурсы бар мемлекеттік органға қарсы тұру қиын болды.
Өзінің алғашқы Жолдауында Мемлекет басшысы осы теңсіздікті жою мақсатында дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік әділетті енгізуді тапсырды.
2021 жылдың 1 шілдесінен бастап әкімшілік соттар жұмыс істей бастады.
Олардың миссиясы – азаматтар мен бизнестің құқықтарын мемлекеттік органдардың теріс пайдалануынан қорғау.
Бұл – тәуелсіздік жылдары ішіндегі мемлекеттік басқару жүйесіндегі түбегейлі жаңашылдық.
Бір жыл ішінде әкімшілік соттарға 24 мың талап-арыз түсті.
Мемлекеттік органдар әрбір 2-ші істе ұтылды. Бұрын 85% ұтатын. Әкімшілік әділет бүгінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясын неғұрлым айқын жүзеге асыруда.
