Елімізде халықты көгілдір отынмен қамтамасыз ету күн тәртібіндегі басты мәселе болып табылады. Осы мақсатта «AMANAT» партиясының Сауран ауданы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының Жол картасының 2.2 Газбен қамтамасыз ету бөлімінің, 25 тармағына сәйкес 2025 жылға дейін Үшқайық, Жүйнек, Оранғай, Шаға, Қарашық, Ибата, Ойық, Шоқтас елді мекендерін табиғи газбен қамту жоспарлаған.

Биыл Жол картасы аясында екі елді мекенді газбен қамту бекітілген болатын. Бүгінгі күнге Сауран ауданы Үшқайық ауылдық округіне қарасты елді мекендерге ағымдағы жылдың 15- сәуір күні көгілдір отын пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Үшқайық ауылдық округіне қарасты 4 елді мекенде көгілдір отын беру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ендігі кезекте үй құжаттарын реттеп, дебес счеттарын ашқан жағдайда газбен қамтылуға толық мүмкіндік бар.
