ЖОЛДАУ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ЖОЙМАҚ

1  160 көрілім

«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі». Осындай атаумен аталған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы көпшілік тарапынан қолдау табуда. Өйткені, елдің көкейкесті сауалдарының жауабының барлығы да толық айтылған деп ойлаймын.

Маңызды құжаттағы бес бағыт барша саланы қамтып, кенжелеп қалған кей істің алға қадам басуына мұрындық болмақ. Бұл жолғы Жолдау бизнес өкілдері үшін үлкен қолдау. Көреген көшбасшының микро және шағын бизнес компанияларын табысқа салынатын салықтан 3 жылға босатуы, кәсіпкерлік көкжиегінің кеңеюіне алып келеді. Бұл ретте жаңа жұмыс орындары бой түзеп, отандық өнімдердің саны артатындығына сенім мол. Жолдауда айтылған «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасына қосымша бөлінетін 250 млрд.теңге, 2020 жылдан бастап 3 жылға дейін микро және шағын кәсіпкерлікті тексеруге тыйым салу, экономиканы әртараптандыруға қатысты мәселелер кәсіп иелерінің көкейінде жүрген жайттар болатын.

Бағдарлама кәсіпке бет бұрғандарды қолдаумен ғана шектелмей, халықты жұмыспен қамтуда да маңызды рөл атқармақ. Түркістандық кәсіпкерлер алдағы уақытта аянбай тер төгіп, еселі еңбек етсе жемісін көрері хақ. Саяси реформада ел экономикасымен қатар халықтың әл-әуқатын көтеру жайында мәселелер көп қаралды. Ендігі меже алға қойған міндеттерді бірлесе жүзеге асыруымыз ғана қалды. Қолдау барда, тынымсыз жұмыс жасап, нәтиже көрсету қажет.

Базарбай Мұсабеков,

облыстық мәслихат депутаты,

қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы