- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Жаңа оқу жылы басталған шақта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын мәлімдеген болатын. «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты бұл маңызды құжат дамудың даңғыл жолына бастайды деп сенемін. Себебі, Жолдауда елдің әлеуметтік әлеуетін, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту мәселесі кеңінен қамтылған.
Тәуелсіздігімізді алғалы бері балалар мен жастардың білімге қол жеткізуіне, білікті маман атануына барынша жағдай жасалып келеді. Мемлекетіміздің болашағы саналған жастардың сапалы білімді бойына сіңіріп игеруіне жағдай жасау қашанда басты орында екені даусыз. Жолдауда білім саласына басымдық берілгендігін байқадық. Ұстаз мәртебесін көтеруге көңіл бөлінгендігін, жалпы орта және арнаулы, жоғары білім беру саласындағы мәселелер де назардан тыс қалмағандығын білдік.
Техникалық-кәсіптік және жоғары білім беру барысында мамандар даярлау маңызды істің бірі. Өйткені, мамандар дайындауда сұранысқа сай кәсіп түрлеріне оқыту керек. Оқытып қана қоймай жұмыспен қамту жағында қарастыру керектігі Жолдауда айтылды. Бұл ретте, ауылдағы мектептерде білікті педагогтардың аздығын алға тартқан Президент «Дипломмен-ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтуді атап өткен еді. Жұмыссыздықты жоюға және саналы ұрпақты тәрбиелеуге жетелейтін бастама қарқынының күшеюі жаңғырудың жаңа кезеңіне аяқ бастыртпақ. Бұл Жолдау еткен еңбегі көзге көрінбейтін, атқарған жұмысы ұшан теңіз ұстаздарға жаңа бір леп сыйлағаны жасырын емес.
Гүлсағат МАМЫРАЙМОВА,
көпсалалы индустриалды техникалық колледжі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.