ЕЛ ТҰТАСТЫҒЫ – БЕКЕМ БІРЛІКТЕ

1  335 көрілім

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауы елді елең еткізген жаңашылдықтарға толы болды.

Президентіміз өз сөзінде: «Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын» – деді. Жүйелі әрі тиянақты іске көшуді басшылыққа алған Қ.Кемелұлының нақты шешімдерінен сенімділікті аңғаруға болады.

Сонымен, Жолдауда нендей мәселе айтылды?! Кәсіпкерлікті өркендету, білім саласын жетілдіру, билік пен қоғам арасындағы ашықтық, этностар достығы, ұлттық құндылық пен руханияттың дәріптелуі тұрғысындағы мәселелер назардан тыс қалмады. Орындалуы маңызды тапсырмалардың түгелдей дерлігі Тәуелсіз еліміздің ертеңін кемел етуге бағытталған.

Барлығы дана халқымыздың кеңпейілділігінің, қасиет дарыған дархан даламыздың ешкімді жатсынбауының арқасында. Мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақ халқының орны мен рөлі, қазақ тілінің маңыздылығы әрдайым өміршең болмақ.

Бейбіт күніміздің баянды болуы жолында бүгінгі таңда жеткен жетістігіміз бірлігіміздің бекемдігінің нәтижесінен. Этносаралық татулықтың, келісімнің дінаралық тұрақтылықтың үйлесім тапқандығында. Тілі мен діні, әдет-ғұрпы мен салт-санасы басқа болғанымен ұрпақтар болашағының жарқын болуы деген ортақ мүдде барлығымызды бір арнаға тоғыстырады.

Әскер ӘБДІҚАДЫРОВ,

қалалық «Қоғамдық келісім» кеңесінің төрағасы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы