Қатысушылардың кәсіби шеберліктерін шыңдай отырып тәжірибе алмасу мақсатында Бірінші мамыр жалпы орта білім беретін мектебінің базасында химия және география пән мұғалімдеріне «Химия және география пәндерінен білім сапасын арттырудың тәжірибелік негіздері» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өткізілді. Тәжірибелік семинарға қатысушылар «Педагог сабағының тиімділігін арттыратын сервис көмекшілерді қолдану тәсілдері», «Химиядағы компьютерлік модельдеу», «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді әдістері», «Мұғалімнің кәсіби дамытуының тиімді тәсілдері», «География сабағында іс-әрекетті зерттеу», «Білім саласындағы тренд әдістерді қолданудың тиімділігі», «Сабақта табысқа жету жағдайын туғызу жолдары», «Химия сабақтарында қолданылатын белсенді және интерактивті әдістері мен тәсілдері» тақырыптарында десант топтағы ұстаздар өткізген шебер-сыныптар пен коучингтерге және ашық сабақтарға қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Семинарға облыстық «Білім беруді дамыту орталығының» география пәні әдіскері Тойшиева Жадыра Ыдырысқызы, химия пәні әдіскері Керимбекова Айгерім Ахатқызы, Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдістемелік кабинет қызметкерлері, облыстық химия, география пәндерінің 18 әдіскерлері мен 126 педагог қатысты. Семинар соңында мұғалімдерден padlet электронды тақтасында кері байланыс алынды.Семинарға қатысушылар тәжірибелік сабақтар мен шебер-сыныптарға, жалпы мектеп ұжымының қызметіне жоғары баға берді.
ҰСТАЗДАР ШЕБЕРЛІГІН ШЫҢДАДЫ
529 көрілім
