Аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Жыланбұзған жалпы орта мектеп базасында «Шығармашылық жұмыстар шеберханасы» атты шебер-сыныптың облыстық кезеңі өткізілді.
Шебер-сыныптың мақсаты шығармашылықпен жұмыс жасайтын көркем еңбек пәні мұғалімдерінің көркем сурет еңбектерінің жұмыстарын насихаттау аясында халық арасында ұлттық төл өнерімізді сақтап, дамыту жолында еңбек етіп жүрген ұстаздардың жұмыстарын өскелең ұрпаққа танытып, қасиетті ұлтымыздың құндылықтарын сақтай отырып еңбекке баулу.
Шебер-сыныпқа 17 ауданнан 61 көркем еңбек пәні мұғалімдері қатысты.
Шебер-сынып барысында мұғалімдер кескіндеме, графика, сәндік қолданбалы өнер және мүсін жанрлары бойынша өз шығармашылық жұмыстарын орындап, қорғап шықты.
Нәтижесіне жұмыстары үздік деп танылған мұғалімдер арасынан Төлеби ауданы бойынша жүлделі
І орын – Төлеби ЖОМ мұғалімі Жанаева Карлыгаш Султанбеккызы
ІІ орын – Бірінші мамыр ЖОМ мұғалімі Тагаева Гульмира Турдыбекқызы
ІІ орын – Майбұлақ ЖОМ мұғалімі Күзембаева Айгүл
ІІ орын – №8 ЖОМ Аманов Ерлан Дилдабекович
Номинация бойынша: Қ.Тыныбеков ат.ЖОМ мұғалімі Тілеубаев Оразалы, №4 Қ.Сәтбаев ат.ЖОМ Ботай Бақыт, Жеңіс ЖОМ мұғалімі Толаметова Зарина Хажимурадовна және Диханкөл ЖОМ мұғалімі Жаксыкулов Бакытбек Турысбекулы облыстық білім беруді дамыту орталығының дипломдарымен марапатталды.
