Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің жоспарына сәйкес «№7 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында «Бастауыш сынып оқушыларынан БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын техникалық спецификасы негізінде алудың нұсқаларын құрастыру» тақырыбындабастауыш сынып мұғалімдеріне аудандық тәжірибелік семинар ұйымдастырылды.Римдік философ Луций Анней Сенеканың«Өзгелерді үйрете жүріп, өзіміз де үйренеміз» деген принципін басты қағидаты етіп алған тәжірибеліксеминарды аталған мектеп-лицейдің оқу ісінің орынбасары Г. Айдарбекова «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқу үдерісін ұйымдастыруды қамтамасыз етудің негізгі нормативтік құқықтық актілері» тақырыбында құнды таныстырылым жасап,осы мектептің ұстаздарыМ.Тугелова «Бастауыш сыныптарда математика пәнінен БЖБ, ТЖБ құрастыру спецификасы», Р.Кокишева «Қазақ тілі пәнінде БЖБ, ТЖБ құрастыру спецификасы бойынша тапсырмаларды әзірлеу кезеңдері», Т. Келтаева «Параллель 3-сыныптарда әдебиеттік оқу пәнінен түрлі нұсқаларда БЖБ, ТЖБ құрастыру», Г.Орымбекова «Жаратылыстану пәні бойынша бөлім және жиынтық бағалау спецификасына сай тапсырмаларды құрастыру нәтижелерінің білім сапасына әсері », Ш. Бекжанова «Сынып оқушыларының білім деңгейін ескере отырып,дүниетану пәні бойынша БЖБ нұсқаларын жасау» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.Келесі кезекте мектеп тренері М.Асылбекова «Бастауыш сынып оқушыларының БЖБ мен ТЖБ жұмыстарын жасау спецификасы арқылы сынып деңгейін ескере отырып, тиімді нұсқаларын құрастыру» тақырыбында коучинг өткізіп, қатысушы ұстаздар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті. .Семинар соңы дөңгелек үстелге ұласып, аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Аульбекова тақырып аясындағы ұстаздардың көкейінде жүрген сауалдарға жауап беріп,тоқсандық және бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізудің әдіс-тәсілдерін өз тәжірибелерінде қолдана отырып, тәжірибені жетілдіруге әдістемелік көмек берді.
Бастауыш сынып мұғалімдері біліктіліктерін арттырды
505 көрілім
