Ұлттық рухтың қозғаушы күші тарих пән мұғалімдерінің республикалық, облыстық съезі ауданымызда жалғасын тапты.

490 көрілім

Мектептегі тарихи білім берудің өзекті мәселелерінің талқылау және білім алушылардың тарихи білімін дамыту жолдарын айқындау мақсатында «Мектептегі тарих пәні: тың тұжырымдама, ашық сана, заманауи көзқарас» тақырыбында тарих пәні мұғалімдерінің съезі өткізілді. Съез барысында педагог-шебер және зерттеуші білікті тарихтың майталман мамандары баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, өзекті мәселелер аясында пікір алмасты. Тарихшылар үшін ең күрделі мәселе оқулықтар болатын, ендігіде оқулықтар дайындау үшін ортақ бір база жасақталатыны, отандық тарих ұлттық идеяға негізделіп жазылатыны ұстаздарды қуантады. Әр адамның өз анасынан басқа, демеп жүрер, жебеп жүрер арқада, болу керек қасиетті төрт ана деп Мұхтар ақын жырлағандай, төрт ананың бірі тарих, тарих түзелмей, ұрпақ түзелмейді. Тарихты тек білу үшін ғана емес өткен оқиғадан тағылым, тәрбие алу үшін оқытамыз. Тарих пән мұғалімдері осындай бас қосуда түрлі идеяларды тоғыстырып, пәннің оқытылу барысы бойынша өздерінің көкейінде жүрген мәселелері республикалық деңгейде шешімін табатынына сеніммен қарап тарасты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы