МҰҒАЛІМДЕР ХҚТУ-ДА БАС ҚОСТЫ

505 көрілім

Түркістан облысында Қожа Ахмет Яссауи университеті базасында республикалық география пән мұғалімдерінің съезі «Географиялық білім берудегі озық ой және замануи көзқарас» тақырыбында өтті. Съезге еліміздің барлық облыстарынан 300-ге тарта білікті шығармашыл педагог – шебер және зерттеуші ұстаздар қатысты. Ауданымыздан №1 мектеп-гимназияның география пәнінің мұғалімі Садық Перуза және атаулы мектеп мүшесі Алғабас жалпы орта мектебінің география пән мұғалімі Болатқызы Балжан қатысып қайтты. Бұл алқалы жиынға білім және министрлігінің бірінші вице-министрі Каринова Шолпан Таңатқызы және жоғарғы оқу орындарының танымал ғалымдары, оқулық авторлары география пәнінің оқытылуы аясында өзекті мәселелерді көтеріп, өзара пікір таласты. Съезге қатысушы ұстаздар 4 секцияға қатысып, баяндамалар, таныстырылымдар тыңдап еркін өз әдісімен ой пікірлерін бөлісті. Жалпы съез барысында география пәні бойынша тұжырымдама даярлау, 6 сыныпта физикалық-географияны, 7 сыныпта материктермен мұхиттар географиясын, 8 сыныпта Қазақстанның физикалық географиясы, 9 сыныпта Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік география курсын оқыту, түркі тілдес елдер географиясын таңдау курсы барысында енгізу, сапалы карталар жинағын жасау және көптеген пәннің оқытылу барысында туындаған мәселелер бірлесе талқыланды, пленарлық жиында көптеген ұсыныстар айтылды. Съез жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді. География пәнінің ұстаздары болашаққа үлкен үмітпен қарап пәннің қордаланған мәселелері шешіледі деген үмітпен тарқасты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы