ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2  792 көрілім

“Фараб” әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен “Дін мәселелері және діни экстремизмге қарсы күрес” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел қонақтары облыстық Дін істері басқармасына қарасты “Дін мәселелерін зерттеу орталығының” директор орынбасары Медет Халықов, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Зікірия Жандарбек, «Ы.Алтынсарин» төс белгісінің иегері, оқу ісінің үздігі Зағира Әбенқызы, қаланың бас имамы Мұхамеджан Жұмадуллаев, Түркістан қалалық жастар ресурстық орталығының теолог маманы Бахауддин Бахритдинович діни экстремизмге байланысты ой-пікірлерімен бөлісіп, қазақтың дәстүрлі діни танымын насихаттады.


Іс шараны қаланың бас имамы Мұхамеджан Жұмадуллаев және ұлағатты ұстаз Зағира Әбенқызы ашып берді. Шара аясында арнайы кітап көрмесі таныстырылып, Тарихи өлкетану бөлімінің меңгерушісі Динара Сазанова діни экстремизм жайлы баяндама оқыды.

Балалар мен жасөспірімдер орталығының көркем сөз оқушылары өлең оқыды. Шара соңында белсене атсалысқан оқырмандар кітапхана директорының атынан арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы