ЖАСӨСПІРІМДЕР АТА-АНА ҚАРАУЫНСЫЗ ҚАЛМАҒАНЫ АБЗАЛ

427 көрілім


Бүгінде кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің беймезгіл уақытта көңіл көтеретін орындарда сайран салып жүретіні жасырын емес. Осыны негізге алған Түркістан қалалық полиция басқармасы мен Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығы және адами әлеуетті дамыту бөлімімен бірлесе отырып түнгі рейд өткізді.

Дәстүрге айналған кезекті шара барысында ойын-сауық орталықтарында кәмелетке толмаған балалардың болмауын тағы бір тексеріп шықты. Интернет клубтары түнгі мезгілде жасы 18-ге толмаған жасөспірімді кіргізбеуі керек. Ал, кафелерде жасөспірімдер ата-ананың қарауынсыз болмағаны абзал. Осы мәселелер кәсіпкерлік нысандарының иелеріне де ескертілді.

Ал, түнгі уақытта ата-ананың қарауынсыз жүрген жасөспірімдер анықталса, олардың ата-анасына айыппұл салынады. Мұндай рейдтік шаралар Түркістанда тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы