ТҮРКІСТАНДЫҚ БОЛАШАҚ ЗАҢГЕРЛЕР СОТ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

294 көрілім

Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи атындағы Түркістан кәсіби колледжінің құқықтану мамандығының студенттері Түркістан облыстық сотының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі қызметкерлерімен кездесті. «Ашық есік күні» аясында өткен кездесуде бөлім басшысы Ә.Серікбаев студенттерге Түркістан облыстық соттың құрылу тарихын жеткізіп, осы сотты басқарған төрағаларын таныстырды.

Сонымен қатар, Соттар Әкімшісінің әр құрылымдылық бөлімшелердің қызметтеріне тоқталып, соттардағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға құжат тапсыру, конкурстың өту тәртібін түсіндіріп өтті.

Аталған шара өз кезегінде болашақ заң саласының мамандарына елеулі серпін беретіні сөзсіз. Себебі, елдің құқықтық саласында қызмет ететін және сол жолда білімін жетілдіріп жүрген жан үшін тәжірибелік шаралар үлкен септігін тигізетіні сөзсіз. Айта кету керек,  тәжірибесі жоқ студент бітірушінің жұмысқа орналасу ықтималдығы төмен. Ал, өндірістік тәжірибеден өтіп, шыңдалған маман әрқашан сұранысқа ие.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы