Халықаралық The Spirit of Tengri мультимәдени жобасы көкжиегін кеңейтіп, The Spirit of Turkistan заманауи этникалық музыка фестивалін ұсынады! Жоба серіктесі – Magnum Cash & Carry. Фестиваль ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді. Ерекше шоу 23 қазан күні Karavansaray Turkistan кешенінде өтеді.
Дәстүрлі және заманауи этникалық музыка жанрының ең жарық жұлдыздары түркі әлемінің аса маңызды рухани орталықтарының бірі – Түркістан қаласында бас қосады. Фестивальда Abbos (Өзбекстан), Gulzada (Қырғызстан), Sitora Nazarova (Тәжікстан-Қазақстан), Steppe Sons (Қазақстан), Ashina (Қазақстан) мен DJ Edige (Қазақстан) бір сахнада өнер көрсетеді.
The Spirit of Turkistan – түркі әлемі мемлекеттерінің мәдениеттері арасындағы тарихы тереңде жатқан мәдени байланысы мен заманауи диалогы арқау болған ерекше музыкалық шоу.
«Біз фестивалімізді Қазақстанның көне қаласы – Түркістанда өткізу мүмкіндігіне өте қуаныштымыз. Шараға келетін көрермендер дәстүрлі аспаптар үнінің сиқырлы әлеміне саяхат жасайды. Фестиваль қатысушылары қонақтар назарына түркі халықтары мәдениетінің музыкалық палитрасын ұсынады.
The Spirit of Turkistan – бағдарламасы ауқымды, әрі қызықты әсерлі музыкалық шоу. Түркістан аспаны астында түркі әлемінің халықтары мәдениеттері мен музыкалық мәдениеттері тоғысатын өзгеше музыкалық мерекенің атмосферасы да керемет болмақ!» – дейді фестиваль режиссері Марина Ожерельева.
Халықаралық The Spirit of Tengri мультимәдени жобасының негізі 2012 жылы қаланды. Жарық пен музыка өзгеше үйлесім тапқан шараның мақсаты ‑ қазақстандықтар мен ел қонақтарын Ұлы Дала және бүкіл әлем халықтарының мұрасымен таныстыру. Жобаның ұлттық ауқымдағы мәдени бренд статусы бар. Фестиваль басталған уақыттан бері жобаға әлемнің 80-нен астам елінен жүздеген музыкант пен өнер ұжымы қатысты, көрермендер мен қонақтар саны 120 мың адамнан асады.
