Бүгін Түркістан қаласындағы «Санитас» емдеу-сауықтыру орталығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

Аталған жиынға Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Сүлеймен Арыстанов, «АМАНАТ» партиясы Түркістан қалалық филиалының Атқарушы хатшысы, Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Ғаппар Сәрсенбаев және емдеу-сауықтыру орталығының дәрігерлері мен медицина саласының мамандары қатысты.
Жиын барысында қонақтар Президенттің Жолдауда ерекше атап өткен мәселелерін талқылап, қатысушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әсіресе, Жолдаудағы «Жаңа экономикалық саясат», «Нақты секторды дамыту», «Заң және тәртіп» бағдарлары бойынша мазмұнды пікірлер айтылды. Мемлекет басшысының аталған Жолдауда:
– Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе… Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек. Мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігін тиімді пайдаланған жөн. Медицина – инвестиция салуға қолайлы сала. Тек оған дұрыс жағдай жасау қажет – деген сөзі сала мамандарына айрықша көңіл бөлетінін көрсетті.

Іс шарада медицина мамандары да қонақтарға көкейлеріндегі жүрген сауалдарын жолдады. Сонымен қатар, алда өтетін ел тарихындағы тағдыршешті кезеңнің бірі Президент сайлауы туралы да сұрақтар қойылды.

Жиын соңында қалалық мәслихат депутаттары ақ халаттыларды еліміздің болашағына жасалатын жарқын қадамдарға бір жұдырықтай жұмылып, бірлікте болуға шақырды.

