“ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ” ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

345 көрілім

Бүгін Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары Ғаппар Сарсенбаев, Угылжан Васитова және Жамила Сүлейменова қаламыздағы  «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлерімен кездесті. Естеріңізге сала кетейік, 21 қазан сағат 18.00-де ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб еліміздің барлық өңірінде үгіт-насихат науқанын бастады.

Осыған орай «AMANAT» партиясы ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі жұмыстарын жүргізуде. Аталған кездесуде қалалық мәслихат депутаттары Қазақтелеком қызметкерлеріне Мемлекет басшысының 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауын қолдап, түсіндірме жүргізді.

Жиын барысында қонақтар алда өтетін саяси науқан Президент сайлауы бойынша ойларын ортаға салды.  Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан да шаһарымыздағы бірнеше маңызды мәселелер көтерілді.

Қойылған сұрақтарға қалалық мәслихат депутаты, «АМАНАТ» партиясы Түркістан қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ғаппар Амантайұлы жан-жақты жауап берді.

Іс-шара соңында қонақтар ұжымға табыс тілеп, жерлестерді алдағы сайлауға атсалысуға шақырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы