АЗАМАТ¬ТАР ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫНА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ЖОЛДАРЫ ҚАНДАЙ?

357 көрілім

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқы­на Жолдауына сәйкес құқық қорғау органдарының қылмыстық қудалау қыз­метін модернизациялау басталған болатын. 

Осы орайда жергілікті прокуратура органдары өздеріне жүктелген – айғақтарға тәуелсіз баға беру, азамат­тар құқықтарының бұзылуына жол бермеу, сотта айыптауды қолдау сынды мін­деттерді қалай орындауда?

Түркістан қаласының прокуроры Жаннұр Ахметбек жаңа модельге сәйкес өткен жылдан бастап прокурор іс бойынша адамның құқығы мен бостандығын қозғайтын барлық негізгі процестік ше­шімді келісіп, бекітетінін айтады. Түркістан қаласы прокуратурасының қадағалауына жататын қалалық полиция басқармасында тергеу аппараты 35 қызметкерден тұрады. Олардың жұмысын қадағалауды 6 прокурор жүзеге асыра­ды. «Жаңа мо­дельге сәй­кес жұмыс бастал­ға­лы 1 жыл 5 айда поли­ция басқармасы жал­пы 3 428 ше­шім қабылдаса, прокурор­лар оның 178-ін келісуден, яғни бекітуден бас тарт­қан, 3 262-ін бекіткен. Осылайша, азамат­тар­­дың тағдырына қатысты барлық ше­шім­дер прокурор­дың сүзгісінен өтіп, ол негіз­сіз деп тапса, келісілмей, тергеушіге кері қайтарылады. Жалпы, жаңа модель тергеуші мен прокурорды тығыз қа­рым-қатынаста жұ­мыс істеуге ықпал етіп, тер­геудің сапасын да, жеделдігін де арт­тырды. Ең маңызды нәтижесі – адам­дардың конституциялық құқығын бұзу­ға жол берілмеді. Оған дәлел – осы мер­зімде қала прокуратурасы­мен сотқа жібер­ген істер бойынша бірде-бір ақтау үкімі шығарылмаған. Бұл бір жағынан айыптау үрдісі азаюының белгісі», – дейді Жаннұр Асқарбекұлы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы