Бүгін Түркістан қаласының тұрғындарына Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі қоғамдық штаб мүшелері мен сенімді өкілдері жиын өткізді. «Ясауи» кәсіби колледжінде өткен кездесуге Түркістан қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы, қалалық мәслихат депутаттары Ғалымжан Батырханұлы мен Жансерік Бауыржанұлы және колледж ұстаздары мен студенттер қатысты. Аталған жиында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты жолдауы талқыланып, насихат жұмыстары жүргізілді.

Жиын барысында Жолдауда аталған бағыттар бойынша “Жастар рухы” жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Жансерік Жұман баяндама жасады. Сонымен қатар, «Жаңа Қазақстан-жарқын болашақ!» тақырыбында Исетова Олмасхан қатысушыларға пайымды ақпараттар берсе, «Халық қатысатын бюджет» тақырыбын толығырақ түсіндіру үшін Түркістан қаласы әкімдігінің «Экономика және қаржы» бөлімі басшысының орынбасары Бимбетова Зәуре Пәрменқызы баяндама оқыды.

Кездесу барысында Мақсат Асылбекұлы: «Президентіміздің Жолдауда айтылған бастамалары Қазақстанның болашағын айқындайды. Халқымыз ескі мен жаңаның, тоқырау мен дамудың арасынан дұрыс таңдау жасайды. Баршаңызды ұлт мүддесі үшін ұйысуға шақырамын» – деп сенім білдірді.
Аталған іс-шараны қалалық мәслихат депутаты Ғалымжан Батырханұлы ұжымға алғыс білдіре келе, қатысушы жастарға ақ тілекпен қорытындылады.
