ҚР Тұңғыш Президент қоры ұйымдастырған ІІ республикалық «Қайырымдылық керуені» байқауына өтінімдер қабылдау басталғанын жариялау мақсатында Түркістан облысы «Іскер әйелдер қауымдастығы» баспасөз конференциясын өткізді.
Түркістан облысы «Іскер әйелдер қауымдастығының» төрайымы Инара Намазбаева, төрайым орынбасары Шолпан Бегалиева, қауымдастық мүшесі Ақмарал Ғаниқызы БАҚ өкілдері қауымына осы байқаудың өту мақсаты мен міндеттерін баяндап, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Жиын соңында Түркістан облысы «Іскер әйелдер қауымдастығының» төрайымы Инара Әбдіғаппарқызы БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында: – Бұл байқау қоғамның барлық мүшесін қайырымды істерге бағыттап, ел арасында жаны жомарт, жүрегі кең азаматтарды насихаттауға мол мүмкіндік беріп отыр. Мейірімділікке бастайтын ізгі жоба ҚР Тұңғыш Президент қоры мен Қазақстанның «Іскер әйелдер қауымдастығының» ұйымдастыруымен қолға алынды.

«Қайырымдылық керуені» байқауына БАҚ өкілдерінің қатысуларына мүмкіндік мол. Журналистер көмекке зәру адамдар мен оларға көмек қолын созған жаны жомарт жандар туралы материал әзірлеп, жұмыстарын тапсыра алады. Конкурс туралы толық ақпаратты ҚР Тұңғыш Президенті Қорының www.fpp.kz сайтынан алуға болады,-деп кеңінен айтып өтті.
Ләззат САРЫБАЕВА,
«Түркістан».