- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Облыс орталығындағы құрылыс қарқынынан көптеген аялдамалар бұзылып, тұрғындар əуре-сарсаңға түсіп еді. Енді сол олқылықтардың орны толтырылуда. Себебі, шаһарда соңғы үлгідегі автобус күтуге арналған аялдау пунктері салынып, кезегімен пайдалануға берілмек.
Нақты айтсақ, жолаушылар үшін WiFi-мен, ақылы əжетханамен, бейнекамера сондай-ақ, қыста жылумен ал жазда желдеткішпен қамтылатын болады. Дəл осындай аялдама құрылысы бүгінде қала орталығындағы Əмір Темір көшесіндегі “Арбат” алаңының алдында жүруде. Айта кетейік, бұл қоғамдық көлікті күту бекеттері мемлекет қаражатынан емес, инвесторлар есебінен бой көтеруде. Олардың жалпы саны 35 болса, 2020 жылдың соңына дейін барлығының құрылысы аяқталады деп жоспарлануда.