АДАМНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН БОСТАНДЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ІСТЕ ПРОКУРОР КЕЛІСІМІ КЕРЕК

540 көрілім

Прокурордың міндеті – айғақтарға тәуелсіз баға беру,азаматтар құқықтарының бұзылуына жол бермеу, сотта айыптауды қолдау. Сот – органдардың әрекеттеріне шағымдарды қарайды, іс бойынша түпкілікті шешімді шығарады.

Жаңа модельге сәйкес, 2021 жылдан бастап прокурор іс бойынша адамның құқығы мен бостандығын қозғайтын барлық негізгі процестік шешімдерді келісіп бекітеді (адамды күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау, іс-әрекетті немесе қылмысты қайта саралау, тергеу мерзімін үзу, істі тоқтату).

Түркістан қаласы прокуратурасының қадағалауына жататын негізгі орган – қалалық полиция басқармасы. Онда тергеу аппараты 35 қызметкерден тұрады. Олардың жұмысын қадағалауды 6 прокурор жүзеге асырады. Жаңа модельге сәйкес жұмыс басталғалы 1 жыл 5 айда полиция басқармасы жалпы 3428 шешім қабылдаса, прокурорлар оның 178 келісуден/бекітуден бас тартқан, 3262 келіскен/бекіткен. Басым бөлігі – күдікті деп тану (жалпы 1029, оның 15 бас тартылған, 1014 келісілген) және күдіктінің әрекетін саралау (708, оның 5 бас тартылған, 703 келісілген). Яғни, адамның тағдырына қатысты барлық шешімдер прокурордың сүзгісінен өтіп, ол негізсіз деп тапса, келісілмей, тергеушіге кері қайтарылады.

Бұл ретте осы процестер электронды түрде онлайн форматта жасалады. Тергеушінің қаулысы электрондық жүйемен бірден прокурорға түседі. Егер шешім заңды болса, прокурор цифрлы қолтаңбамен қол қойып бекітіп береді.

Жалпы жаңа модель тергеуші мен прокурорды тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге итермелеп, тергеудің сапасын да жеделдігін де арттырды. Ең маңызды нәтижесі – адамдардың конституциялық құқығын бұзуға жол берілмеді. Оған дәлел – осы мерзімде қала прокуратурасы сотқа жіберген істер бойынша бірде-бір ақтау үкімі шығарылмаған. Бұл, бір жағынан,айыптау үрдісінің азаюының белгісі.

Екіншіден, Мемлекет басшысы жоғарыда аталған жолдауында мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке кез келген заңсыз араласуы, бизнесмендердің жұмысына кедергі келтіруі мемлекетке қарсы жасалған ауыр қылмыс ретінде бағалануы керек екенін және кәсіпкерлер шенеуніктер тарапынан заңсыз қысым көрсе, бірден прокуратура органдарына жүгіну қажеттігін атап өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы