АДАМ ҚҰҚЫҒЫ МЕН БОСТАНДЫҒЫН ҚОРҒАУ

657 көрілім

Елімізде құқықтық реформалар төңірегінде біраз мәселені атап өтуге болады. Осы ретте оқырмандарымызға «керек кеңес» айдарымен мақалалар желісін ұсынып келеміз. Түркістан қаласының тұрғындарын заң тұрғысындағы түсінік  ауқымын кеңейту, құқықтық біліктілігін арттыру барысында ел аумағындағы жаңашылдықтарды жариялауды жалғастыра бермекпіз. Бүгінде облыс орталығы атанған Түркістан қаласында бұрынғыша ағайын-туыстық қатынасқа салып тұрмыс кешуге жаңа талап мұрша бермейді. Сондықтан түркістандықтардың құқықтық біліктілігін жетілдірген үстіне жетілдіре түсуі қажет екені айтпаса да түсінікті.

Жалпы адам құқықтарын қорғау мәселесi тек қана азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар мен адам бостандығын қалыптастыратын нормалардың жиынтығы ретiнде, яғни дербес негізгі бiр құқық саласы ретiнде ғана танылып қоймай сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарының дұрыс орындалуын көздейтін аса тиiмдi құқықтық-ұйымдастыру тетіктері болып қалыптаса бастағаны белгiлi.
Халықаралық құқық саласы шегiнде дүние жүзі қауымдастығының адам құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда мемлекеттің ішкі жұмысына араласа алуы мүмкiндiгiн соңғы жылдардың ең бiр үздiк әлемдiк жетiстiктердiң бiрi деп қарстыруға болады.
Мәселен әмбебап сипаттағы көпжақты келісімдер, аймақтық ке¬лісімдер, екіжақты келісімдер халықаралық әдет-ғұрыптар адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселесі бойынша тікелей немесе жанама мамандандырылған халықаралық ұйымдардың шешімдері халықаралық құ-қықтың негiзгi қайнар көздерiнiң бiрi болып табылуда.
Бүгiнгi күнi халықаралық іс қағаздарда белгіленген адам құқықтары каталогы ұзақ тарихи қалыптасудың эталондары мен стандарттардың нәтижесі болып, қазіргі демократияның нормасы ретінде қалыптаса бастады деуге болады. Барлық кездерде тұлға мен билік арасындағы карым-қатынастардың реттеу әдістері мыңдаған жылдар бойы назарда болып келгенi белгiлi. Мәселен, қоғамдық прогресс пен адамзаттың әлемдiк қауымдыстығының дамуы және олардың бостандық жолында мемлекеттің тұтас билігін тежеу талпынысы, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өктемдік іс-әрекетінен адамдарды сақтау және тұлғаға барынша өз тағдырын өзі шешуте кең түрдiк беру айқын көріне бастады.
Әрбір адам туылғанынан бастап белгілі бір мөлшердегі (материалдық және рухани) ажыратылмас құқықтарға ие, ол құқықтарды қамтамасыз ету үшін қоғам мен мемлекет жәрдемдесуі тиіс. Әрқашан да бұл игіліктердің мөлшері ма¬териалдық өндіріс жүйесінде тұлғаның қоғамдағы әлеумет¬тік құрылымында алатын орнымен анықталады. Қоғам дамуының әр сатыларындағы күрт өзгерістер, өркениет өзге¬шелігі, формальды теңдік қағидасына негізделген адам құқықтарына қазіргідей жан-жақтылық белгісін берген жоқ.

Адамдар құқықтардың кейбiр мемлекеттерде шектеулі болатындығына қарамастан, мұндай институт барлық кезде қоғам мен мемлекеттiң өркениетi жолмен тұрақты дамуына толық оң ықпал жасайтындығы сөзссiз. Ендi жалпы адам құқықтары мен оны қорғаудың тарихи қалыптасу мен даму кезеңдерiне қатысты бiрер мәселелерге тоқталып өтелiк. Мәселен сонау ертеректе заңдылыкқа ерекше көңіл бөлiгенi белгiлi, мысалы азаматтық және адам құқықтары туралы ұғым, әр азаматтың полюске деген қамқорлығы сол кездiң өзiнде теория жүзінде пайда бола бастағаны белгi.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев соңғы жылдары өз бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық реформалар аясында прокурордың адам құқығы мен бостандығын қорғау саласындағы рөліне ерекше мән беруде. Біріншіден «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Қазақстан халқына жолдауына сәйкес құқық қорғау органдарының қылмыстық қудалау қызметін модернизациялау басталды. Полиция, прокуратура мен сот өкілеттіктерінің ара-жігі нақты ажыратылған қылмыстық процестің үш буынды моделі енгізілді.
Басты мақсат – азаматтардың құқығын қорғауды қамтамасыз ететін және жоғары халықаралық талаптарға жауап беретін үлгі құру. Үш буынды модельде құқық қорғау органының міндеті – қылмысты анықтау, күдіктілерді табу, айғақтар жинау. Прокурордың міндеті – айғақтарға тәуелсіз баға беру,азаматтар құқықтарының бұзылуына жол бермеу, сотта айыптауды қолдау. Сот – органдардың әрекеттеріне шағымдарды қарайды, іс бойынша түпкілікті шешімді шығарады.
Жаңа модельге сәйкес, прокурор іс бойынша адамның құқығы мен бостандығын қозғайтын барлық негізгі процестік шешімдерді келісіп бекітеді (адамды күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау, іс-әрекетті немесе қылмысты қайта саралау, тергеу мерзімін үзу, істі тоқтату).
Түркістан қаласы прокуратурасының қадағалауына жататын негізгі орган – қалалық полиция басқармасы. Онда тергеу аппараты 35 қызметкерден тұрады. Олардың жұмысын қадағалауды 6 прокурор жүзеге асырады. Жаңа модельге сәйкес жұмыс басталғалы 1 жыл 5 айда полиция басқармасы жалпы 3428 шешім қабылдаса, прокурорлар оның 178 келісуден/бекітуден бас тартқан, 3262 келіскен/бекіткен. Басым бөлігі – күдікті деп тану (жалпы 1029, оның 15 бас тартылған, 1014 келісілген) және күдіктінің әрекетін саралау (708, оның 5 бас тартылған, 703 келісілген). Яғни, адамның тағдырына қатысты барлық шешімдер прокурордың сүзгісінен өтіп, ол негізсіз деп тапса, келісілмей, тергеушіге кері қайтарылады.
Бұл ретте осы процестер электронды түрде онлайн форматта жасалады. Тергеушінің қаулысы электрондық жүйемен бірден прокурорға түседі. Егер шешім заңды болса, прокурор цифрлы қолтаңбамен қол қойып бекітіп береді.
Жалпы жаңа модель тергеуші мен прокурорды тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге итермелеп, тергеудің сапасын да жеделдігін де арттырды. Ең маңызды нәтижесі – адамдардың конституциялық құқығын бұзуға жол берілмеді. Оған дәлел – осы мерзімде қала прокуратурасы сотқа жіберген істер бойынша бірде-бір ақтау үкімі шығарылмаған. Бұл, бір жағынан,айыптау үрдісінің азаюының белгісі.
Екіншіден, Мемлекет басшысы жоғарыда аталған жолдауында мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке кез келген заңсыз араласуы, бизнесмендердің жұмысына кедергі келтіруі мемлекетке қарсы жасалған ауыр қылмыс ретінде бағалануы керек екенін және кәсіпкерлер шенеуніктер тарапынан заңсыз қысым көрсе, бірден прокуратура органдарына жүгіну қажеттігін атап өтті.
Бұл тапсырма негізінде «Прокуратура туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бизнесті қорғауда прокуратура рөлі күшейтілді. Енді кәсіпкерлік субъектілердің шағымдары бойынша прокурорлар мемлекеттік органдарда тікелей тексеру жүргізу мүмкіндігіне ие болды. Атап айтқанда, прокурорлардың тексерісті тағайындау және жүргізу туралы шешімдері мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлердің қызметіне араласу фактілері бойынша олардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін қабылданады. Сонымен бірге орындалуы жеке кәсіпкерлердің құқықтарын бұзуға алып келсе не алып келуі мүмкін болса, прокурорлар наразылық келтірілген құқықтық актінің не әрекеттің орындалуын наразылық бойынша шешім қабылданғанға дейін тоқтата тұруға құқылы.
Мысалы, заңнаманың жаңа талабына сүйене отырып тексерілген қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында көптеген жүйелі заң бұзушылықтар (оның ішінде кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу, әкімшілік кедергілер жасау фактілері) анықталды. Атап айтқанда, 11 кәсіпкер заңсыз әкімшілік жауаптылыққа тартылған, керісінше 134 тұлға әкімшілік жауаптылықтан негізсіз босатылып, бюджетке 11 млн. теңге айыппұл түспей қалған, 8 кәсіпкерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруден негізсіз бас тартылса, 2 кәсіпкерге қорытынды заңсыз берілген, 6 кәсіпкердің өтінішіне кешіктіріліп жауап берілген.
Прокуратура ұсынуы негізінде 11 кәсіпкердің құқығы қорғалып, Басқарманың 3 қызметкері әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 5 қызметкер (оның ішінде Басқарма орынбасары) мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін лауазымдарынан босатылды, ал Басқарма басшысы тексеру барысында өз еркімен қызметінен кетті.
Осылайша, прокурорлық тексеру нәтижесімен басқарма құрамы толығымен дерлік жаңартылды.
Үшіншіден, жоғарыда көрсетілген жолдауда Мемлекет басшысы балаларға қарсы жыныстық қылмыстардың алдын алу және оның жолын кесу ерекше бақылауда болуға тиіс екенін атап көрсетті.
Осыған сәйкес кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық қылмыс туралы әріске прокуратура органдарының ерекше қадағалау тетігі белгіленді.
Ерекше қадағалау аясында тергеу барысын қадағалау үшін міндетті түрде процесс прокуроры айқындалады. Ол қылмыстық қудалау органының әрбір іс-әрекеті мен процестік шешіміне тұрақты қадағалауды, кәмелетке толмағанның жеке өміріне қол сұғылмау құқығын және қауіпсіздік шараларын қолдануды қамтамасыз етеді, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл арқылы кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жерін және оқу орнын ауыстыру, медициналық және психологиялық көмек көрсету мүмкіндігін қарастырады.
Төртіншіден, Мемлекет басшысының “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі” атты жолдауында кылмыстық істер бойынша прокурорлардың айыптау актілерін дайындау құзыретін кезең-кезеңімен кеңейту тапсырылды.
2022 жылдан бері прокурорлар барлық аса ауыр қылмыстар бойынша айыптау актісін өздері жасауға кірісті. Мысалы, Түркістан қаласының прокуратурасы биыл 4 аса ауыр қылмыстық іс (адам өлтіру – 2, есірткі сату – 1, жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекет – 1) бойынша айыптау актісін әзірлеп, сотқа жолдады.
Келесі кезеңдерде прокурорлар 2023 жылдан бастап барлық сыбайлас жемқорлық, ал 2024 жылдан бастап қалған қылмыстық істер бойынша да айыптау актісін өздері әзірлейді. Бұл тәсіл прокурорлардың айғақтарға тәуелсіз баға беру механизмін, адамды айыптап сотқа жолдағаны үшін жауапкершілігін күшейтті.
Бесіншіден, конституциялық реформа аясында да прокуратураға қатысты маңызды бастамалар айтылды. Заң тәртібін күшейту және құқық қорғау қызметін ұдайы жетілдіру үшін «Прокуратура туралы» конституциялық заң қабылдау қажет екені атап өтілді.Тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды институционалды түрде нығайту мақсатында Бас Прокурорды азаматтар және Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен бірге Конституциялық сотқа өтініш субъектілері қатарына қосу ұсынылды. Азаптауға байланысты қылмыстарды тергеу ісінде жүйелі ұстаным болуының маңыздылығын ескере мұндай істер бойынша прокуратура органдарының айрықша тергеулігін белгілеу көзделді. Бұл тергеудің бейтарап жүргізілуін қамтамасыз етіп, құқық қорғау саласындағы бассыздықты жазасыз қалдырмауға бағытталған.
Өткен республикалық референдумда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар мақұлданды. Енді тиісті заң жобалары жыл соңына дейін қабылдануы тиіс.
Қазіргі заманғы сын-қатерлер прокуратураның құқық қорғау әлеуетін күшейтуді және жоғары қадағалау функциясын жаңғыртуды, прокурорлар қызметінің кепілдіктерін нығайтуды талап етеді.
Сондықтан «Прокуратура туралы» конституциялық заңда заңдылықты сақтауды неғұрлым тиімді қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, бизнестің, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға және қалпына келтіруге мүмкіндік беретін пәрменді құралдар мен тетіктерді бекіту жоспарланып жатыр.

Қорыта айтқанда «керек кеңес» айдарымен осы тектес Түркістан қаласының тұрғындарына арналған үгіт-насихаттық жұмыстарымыз өз жалғасын таба бермек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы