ҚАЛАЛЫҚ СОТ ӨНДІРІСІНДЕГІ 13 ІС БОЙЫНША СОТТАЛУШЫЛАР ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТЫЛҒАН

448 көрілім

Елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық реформалар аясында прокурордың адам құқығы мен бостандығын қорғау саласындағы рөліне ерекше мән беруде.

Қазақстан Республикасының 07.12.2021ж. №81-VII ҚРЗ Заңымен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай рақымшылық жарияланып, алты ай ішінде, яғни а.ж. 8 маусымға дейін жүзеге асырылды.

Заңмен аса ауыр емес және залал келтіруге әкеп соқпаған не оны толық өтеген ауырлығы орташақылмыс үшін жазадан босату, кейбір ауыр, аса ауыр қылмыстар үшін жаза мерзімін қысқарту көзделді.

Рақымшылық ардагерлерге, жасы үлкендерге, жүкті әйелдерге, кәмелетке толмағандарға,бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, қоғамға қауіп төндірмейтін адамдарға қолданылды.

Азаптаулар, террористік, экстремистік, қылмыстық топ құрамында қылмыстар жасаған, өмір бойына бас бостандығынан айыру, қылмыстардың қайталануы немесе қауiптi қайталануы кезінде жаза тағайындалған адамдар рақымшылыққа іліккен жоқ.

Осы кезеңдерақымшылық негізінде қалалық полиция өндірісіндегі 53 қылмыстық іс (17 теріс қылық, 18 онша ауыр емес, 18 орташа) тоқтатылды.Қалалық сот өндірісіндегі 13 іс бойынша сотталушылар қылмыстық жауаптылықтан босатылса, 4 адамға жаза қысқартылып тағайындалды.

Сондай-ақ сот 24 адамды пробациялық бақылаудан босатып, 30 адамға жаза мерзімін қысқартты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы