ҚОСТАНАЙДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ БРИФИНГ ӨТТІ

754 көрілім

Бүгін Алатау медиа орталығында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті және Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і Түркістан облысындағы өртке қарсы іс-қимыл және Қостанайдағы төтенше жағдай бойынша жөнелтілген әлеуметтік көмек барысы туралы брифинг болып өтті. Кездесуде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев пен Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і директорының орынбасары Ернар Нұралыұлы спикер болып отырды.

“Бүгінгі күнге мобилді топтармен 280 рейд жүргізілді. Рейдтік іс-шаралар барысында жұмылдыру топтары өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін 44 адам 995 475 теңгені құрайтын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2022 жылы 7 өрт сөндіру бекеті құрылып, қалған 3 бекет бойынша қала, аудан әкімдіктерімен жұмыстар жүргізілуде. Облыс аумағында орман-дала өрттерінің алдын алу мақсатында «Орман, дала өрттерін алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар» жоспар бекітіліп бірқатар іс-шаралар атқарылды. Дала орман өрттерін алдын алу мақсатында облыс бойынша өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізілген. Өрт қауіпті кезеңде жеке тұлғалардың болуын және көлік құралдарының мемлекеттік орман қоры аумағына кіруін шектеу бойынша рейдтік іс-шараларды жүзеге асыру үшін облыс бойынша бірлескен мобильді топтар құрылды”, деді Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев.

“Қостанай облысында төтенше жағдай орын алған сәттен Түркістан облыстық Жастар Ресурстық орталығының жанынан жедел штаб құрылып,  барлық 17 аудан, қалық Жастар ресурстық орталықтарында гуманитарлық көмектер қабылдау  басталған болатын. Нәтиженсінде Жастар ресурстық орталықтырының ұйымдастыруымен Қостанайдағы өртке байланысты 72 тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелтілді”, деді Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і директорының орынбасары Ернар Нұралыұлы.

Аталған көмекті Қостанай облысына дейін жеткізу өңірдегі Жастар Ресурстық орталықтарының  басшылары, «Жастар Рухы» жастар қанаты аймақтық филиалының белсенділеріне жүктелді. Өңірдің 10 белсенді жасы апатты қалпына келтіру жұмыстарына қатысып, зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетпек.

Шапағат ҒАЙБУЛЛА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы