Түркістан қаласының аумағында «Қауіпсіз қала» жобасын іске асыру барысында бейнекамералардың атқаратын қызметі зор. Бүгінгі таңда шаһарда сегіз жүзден астам бейнекамераның көмегімен қылмысты ашудан бұрын, оның алдын алу шаралары сәтті жүзеге асырылып келеді десек болады. Бұл құрылғылар жедел жағдайды жақсартып қана қоймай, полиция қызметкерлерінің жұмыс сапасын нығайтты деп толықтай сеніммен айтуға негіз бар.
Енді бір дүние полиция теңгерімінде 600-ден астам бірлік көлік құралы бар. Қамтамасыз етілуі 59,24 пайыз. ҚР Ішкі істер министрлігімен бекітілген 2022 жылғы штаттық нормаға сәйкес, көлік құралдарының 415 бірлігі жетіспейді. 2022 жылы «Аманат» партиясының «Өзгерістер жолы: Әркімге лайықты өмір!» жол картасы бойынша 22 бірлік «Chevrolet Nexia» маркалы жаңа автокөліктер сатып алынды. Көліктерге бояу, рәсімдеу, балансқа алу жұмыстары жүргізіліп, учаскелік полиция инспекторларына бекітілуде. Сонымен қатар, жұмысты жоғары деңгейде атқарып, халыққа сапалы қызмет көрсету үшін соңғы үлгідегі компьютерлік құрал-жабдықтар, планшеттер, бейнежетондарды жаңартып отыру жұмыстары да атқарылуда.
Сонымен бірге Түркістан облысының барлық аумағында орнатылған жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары тәртіп сақшыларына қылмыстарды ашуға және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алуға көмектеседі. Бүгінгі күні қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысында 1333 бейнебақылау камералары орнатылған. Оның 952-сі жедел басқару орталығына қосылған. Ал, Түркістан қаласында 836 бейнебақылау камералары бар. Оның 500-ден астамы «Сергек» камералары.
Атаулы бейнебақылау камералары жедел жағдайды жақсартып қана қоймай, ішкі істер органдары қызметкерлерінің тәртібін, заңдылығын және жұмыс сапасын нығайтты деп толықтай атап айта кеткен жөн. Бұл өз кезегінде полиция қызметкерлерінің тікелей қатысуынсыз да қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және жол қозғалысы ережелерін сақтауға өз септігін тигізуде.
Начало формы
