ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ІСКЕ КІРІСТІ

461 көрілім

Қоғамдағы келелі мәселелерді шешуде құзырлы органдармен бірге қоғам белсенділерін тарту мәселесі тәжірибеде оң нәтиже беріп отыр. Осындай ұтымды жобалардың бір көрінісін өңірлердегі қоғамдық кеңестермен тікелей байланыстыруға болады. Міне, мемлекет пен азаматтар арасында жаңа принципті қалыптастыруға мүмкіндік беретін қадам деп бағалауға болатын аталмыш қоғамдық кеңес Түркістан қаласында өз жұмысын бастап кетті.


Тарқатып айтсақ, бүгін екінші отырысын түйіндеген Түркістан қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысында бірқатар мәселелер қаралды. Соның ішінде Қоғамдық кеңестің 2022 жылдың тамыз-желтоқсан айлары аралығындағы жұмыс жоспарын бекіту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттың түсіндіру жұмысын жүргізу, Түркістан қаласы аумағында жаңа сайлау учаскелерін ашу және Қоғамдық кеңестің құрылымдық жүйесін нақтылау туралы мәселелер талқыға салынды. Жиынға Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы М.Таңғатаров қатысып, кеңес жұмысына сәттілік тілесе, қала әкімдігі аппаратының басшысы Ә.Әуелбеков күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты баяндама жасады.


Айта кетейік, Түркістан қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасы болып Мақсұт Атамбаев сайланды. Сондай-ақ әртүрлі бағыт бойынша үш комиссия бекітіліп, оның төрағалары сайланды. Атап айтсақ, коммуналдық шаруашылық, құрылыс, инфрақұрылым, жер қатынастары комиссия төрағасы болып Тәжібек Мұсаев, Бюджет, экономикалық даму, кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссия төрағасы болып Замир Мухамеджанов, Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл мәселелері, білім беру жүйесі, мәдениет және спорт жөніндегі комиссия төрағасы болып Базарбай Мұсабеков сайланды.
Естеріңізге сала кетейік, жуырда Түркістан қаласы Қоғамдық кеңесінің 15 мүшеден тұратын жаңа құрамы бекітілген еді. Кеңес мүшелерінің толық тізімі газетіміздің өткен санында жарияланған болатын.


«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы