ЯССЫ МЕШІТІНДЕ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫМЕН 350-БАЛА ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

485 көрілім

Бүгін “Мектепке жол” – акциясы аясында қаламызда Түркістан қаласының имамдарының ұйымдастыруымен орталық мешіт “Яссы” мешітінде 350 балаға оқуға қажетті жабдықтар мен киім-кешектер үлестірілді.

“Бүгін міне қала бойынша 350 ге жуық шәкірттерімізді қаламсап, қағаз, оқулықтарымен киім кешектерімен қамтамасыз етіп отқан жайымыз бар. Әрине ол әуелі Алла, одан кейін осы Түркістан қаласының мешіттерінің имамдарының ұйытқы болуымен өтіп жатқан ізгі іс шара. Имамдарға қасымыздан табылып, көмектесіп жатқандарына, қолынан келген мүмкіндіктерін жасап беріп жатқан жомарт жарттарға алланың нұры жаусын”, деді Түркістан қаласының бас имамы Мұхамеджан Ергешбайұлы.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы бойынша “Мектепке жол” – қайырымдық шарасы кезең-кезеңімен өз жалғасын тауып жатыр.

Шапағат ҒАЙБУЛЛА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы