ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫНА 27 ЖЫЛ

442 көрілім

30-тамыз күні ҚР Конституциясына 27 жыл толғалы отыр. 9 тараудан, 98 баптан тұратын Ата Заң 1995 жылы жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданған еді. Құқықтық негізді қалыптастырушы бұл құжат- қазақстандықтардың ой-пікірін ескере отырып жасалған. Қолданыстағы Конституция ел экономикасының дамуын қамтып қана қоймай, саяси өзгерістерге де жол ашты.
Елдің басты құжатында Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде көрсетілген, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып саналады.

Конституцияны әзірлеу және қабылдау Қазақстан Тәуелсіздігінің қалыптасу жолындағы шешуші сәттердің бірі болды. Конституцияның арқасында азаматтарымыз әділдікке қол жеткізіп, Ата Заңды қастерлеп келеді.

А.Берденова, Түркістан облысының СЭБД баспасөз хатшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы