БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН КӘСІПКЕРЛЕР ДЕМЕУДЕ

499 көрілім

Қазіргі таңда Қарашық ауылдық округіне қарасты үш жалпы орта мектеп бар. Қарашық жалпы орта мектебінде 940 оқушы, Тұран жалпы орта мектебінде 1172 оқушы, Құмтүйін жалпы орта мектебінде 471 оқушы білім нәрімен сусындауда. 2021-2022 оқу жылында 3 мектепте барлығы 2583 оқушы білім алуда. Оларға 248 мұғалім сабақ береді.

Қазіргі күнде ауылда 1 мемлекеттік, 3 жекеменшік балабақша бар. «Құлыншақ» бөбекжай балабақшасында 120 бала тәрбиеленеді.

2021 жылы жаңадан ашылған «Жасмин» бастауыш мектебінде 20 бала, балабақшасында 100 бала тәрбиеленеді. «Жасмин» балабақша әрі бастауыш мектебін өткен жылы жергілікті кәсіпкер Атахан Файзиев өз қаражатына салдырған екен. Аудандағы тұңғыш балабақша әрі бастауыш мектепті Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков өзі келіп ашыпты. Білім ордасының әдіскері Шайра Абдулхакимованың айтуынша, қазір төрт топта 100 бүлдіршін бастауыш сыныпта тәрбиеленуде. 22 бала жазғы лагерь секілді өз білімдерін жетілдіруде.

– Қазір әр балаға 6 мың теңгеден белгілеп отырмыз.Соның өзін де уақытында төлей алмай отырғандары бар. Біз оларға түсіністіпен қарап, барынша қолайлы жағдай жасаудамыз. Мемлекет тарапынан дотация да, субсидия -қайтарымсыз қаржы да алып отырған жоқпыз. Бірақ, басшылардың уәдесі бар, – дейді Шайра Абдулхакимова.

Қазіргі таңда «Мадина» балабақшасында 125 бала, «Қарашық №1» бөбекжай балабақшасында 145 бала тәрбиеленуде. Барлығы 510 бала тәрбиеленуде. Яғни, осы шамадағы ата-аналар Түркістанға қатынап, жұмыс жасауда. Бұл бала бақшаларда 163 адам жұмыс істейді.

Ауылда оқушылар санының күн санап артып келе жатқандығына орай «Тұран» шаруа қожалығының иесі Азизбек Азимов есімді жігіт үш қабатты 1600 орындық мектеп құрылысын бастаған. Қазіргі таңда іргетасын қалау жұмыстарының өзіне 100 миллион теңгедей жұмсалған көрінеді. Мектепті келесі оқу жылына дейін аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Береке бірлігі жарасқан ауылда емхана, пошта, АТС халыққа қызмет көрсетіп келеді. Барлығы ауыл әкімшілігімен тығыз байланыс орнатқан.

Ескендір ЕРТАЙ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы